ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Среда, 10 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ais_media ais_media
23.10.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕП ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев облыстағы білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының бюджеттік қаражатты жоспарлау және игеру процесстерін қолданыстағы есепке алудың ақпараттық жүйесі арқылы толығымен автоматтандыру, жетілдіру, бюджеттік қаражатты ұрлауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қосымша функциялар мен техникалық шешімдерді енгізу.
Білім ұйымдарында бірыңғай ақпараттық есептеу жобасын іске асыру мәселесі бойынша отырыста облыс әкімі Дархан Сатыбалды пилоттық жобаның маңыздылығын атап өтті.
– Бүгінгі жиын облыстағы білім саласында бұлтты бухгалтерия бағдарламасын ендіру мақсатында ұсыныстар мен пікір алмасу үшін жиналып отырмыз. Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында бухгалтерияны есепке алудағы өзекті мәселелер көп. Әрбір білім беру ұйымында мониторингтің және бақылау құралдарының болмауы, есеп жүйелерінің тиімсіздігі, мұғалімдердің жалақысын есептеудегі олқылықтарға байланысты және тағы басқа да мәселелер туындауда. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Білім басқармасының ұсынысы бойынша бірыңғай цифрлық есеп пилоттық жобасын іске асыру қолға алынуда. Басты мақсат – ашықтық. Бұл бастама білім саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу бойынша және қаржылық операцияларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады. Бюджет қаражатын жоспарлау, оны игеру процестерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толық жоюға бағытталған облыстағы білім беру ұйымдарында цифрлық есепке алудың жаңа цифрлық архитектурасын құру көзделген, – деді облыс әкімі.
Осыған дейін облыстық білім басқармасы «Фаворит» «бұлтты бухгалтерия» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан, Кентау қалалары, Түлкібас ауданындағы орта білім беру ұйымдарының бухгалтериясына пилоттық жоба ретінде енгізілген. Мектептерде оқу ісі меңгерушілеріне және іс жүргізушілерге және шаруашылық меңгерушілеріне оқыту өткізілген, бастапқы деректерді енгізіп, тестілік есептеулер жүргізілген болатын.
Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев «Жасыратыны жоқ білім беру саласында бюджет қаржысын жымқыру мен жемқорлық фактілері белең алып тұр. Жыл сайын білім беру ұйымдарына бюджеттен қомақты қаржы түседі, бұл қаржыға қол сұғушылардың да саны артып келеді. Соның ішінде, еңбекақы төлеу қоры бойынша ақшалай қаражатты жоспарлау кезінде білім беру субъектілерінің қызметінде жүйелі бұзушылықтар орын алуда. Сондықтан біз әкімдікпен бірлесіп білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есепке алу пилоттық жобасын іске қосуды ұсынудамыз. Ұсынысымыз қаржылық қажеттілікті бағалаумен және бюджет қаржысын негізсіз аударуға байланысты тәуекелдерді жоюға бағытталған», деп атап өтті.
Айта кетейік, бірыңғай ақпараттық есептеу пилоттық жобасы Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас аудандарының білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Жоба аясында білім беру ұйымдарының процесін автоматтандыру, бюджеттік өтінімдерін ұсынудың қадамдық тәртібін құқықтық реттеу, ақпараттық жүйені Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктіру, жергілікті мемлекеттік аудит органдарына ақпараттық жүйеге қолжетімділік беру, сәйкес келмейтін жеке деректерді енгізу тәуекелдерін алып тастау, Ұлттық тестілеу орталығының сертификаттары туралы деректер қорымен біріктіру, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмысқа келуін биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен бақылауды автоматтандыру және білім беру саласы қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін автоматты түрде қалыптастыру үшін ақпараттық жүйені қызметкерлердің жұмысқа келуін бақылау жүйесімен біріктіру және басқа да жұмыстар жүргізіледі.
Алдыңғы мақала

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.