Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы білім мекемелерінде қызмет ететін барша есепшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — ұлттық теңгеміздің төл мерекесіне тұспа-тұс келген атаулы күн. Қаржыгерлер күніне орай ел экономикасының дамыуына ықпалдастық ете отырып, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту ісіне елеулі үлес қосқаны үшін басқарма басшысы бірқатар есеп-қисапқа жауапты мамандарды марапаттады . Оларға “Құрмет” грамотасымен , алғыс хаттар табысталды.
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНА ҚЫЗУ ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебі ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына шығарып салу іс-шарасы өтті.
WorldSkills – әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу. Кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығы, кәсіптік біліктілігі, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениеті, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу және біліктілігін сынау.
Осы ретте ағымдағы жылдың 19-27 қараша күндері Астана қаласында «Worldskills kazakhstan — 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа Түркістан облыснан 30 студент қатысып, 29 құзыреттілік бойынша бақ сынауда.
Чемпионатты өткізу арқылы жұмысшы мамандығының беделін арттыру және кәсіптік білімді дамыту, кәсіптік білім алушыларды халықаралық WorldSkills чемпионатына қатысу арқылы әлемнің үздік тәжірибесін үйрену мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, өткен жылы «Worldskills kazakhstan — 2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Түркістан облысынан 14 колледжден, 29 кұзыреттілік бойынша 30 қатысушы, 29 эксперт қатысып бақ сынаған болатын. Есесіне, студенттеріміз ІІ орын — 5, ІІІ орын — 3, 5 медальон жеңіп алды.
Өңіріміз аталған Чемпионатқа 2015 жылдан бастап қатысып келеді.
КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ЗААНЕНДІК ЕШКІ СҮТІНІҢ МАҢЫЗЫН ЗЕРТТЕУДЕ
№60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10 сынып оқушысы Мекембай Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде. Жас ғалым Қапланбек агротехникалык колледжінің ветеринария бөлімінің зертханасында «Сүт анализаторы ЛАКТАН 1-4 М» кіші аппаратында ана сүті мен ешкі сүтінің салыстырмалылық құрамын талдады. Талдау барысында ана сүтінің майлылық құрамы ешкі сүтінен кем болғаны анықталды.
Бұл зертханалық жұмысты жүргізуге колледждің аға оқытушысы Ибрагим Аширбеков көмектескен. Аталған аппарат арқылы ана сүті мен ешкі сүтіндегі судың, майдың және минералдар мен аминқышқылдардың құрамы анықталды,- дейді жас ғалымның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Кұндызай Байжігітова. Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі ешкі сүтінің пайдалы екендігін де айтады.
– Заанин ешкісі сүтті келеді. Бұған қоса, ешкінің сүті де, еті де шипалы. Зерттеу жұмысы барысында алынған мәліметтерді халқымыздың салт-дәстүрін танып білуде және әр түрлі аурулардың алдын-алуға, күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға пайдалануға болады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және басқада аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар,-дейді оқушының жетекшісі.
Айта кету керек, жас ғалым өз зерттеуін Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Өміржан Раянмен бірге жүргізген. Жалпы Қазақстанда ешкі өсіру енді дамып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан, бұл сала әлі толық зерттеуді қажет етеді.
ОТЫРАРЛЫҚ ҚОС ӨНЕРПАЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан қаласында «Атадан мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Дарабоз республикалық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін Отырар жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Дүйсен Қайсар І орынды иеленіп, Алматы қаласында өтетін байқауға және Түркия елінде өткізілетін Халықаралық музыкалық фестивальға жолдама алды. Жетекшісі Шөпшекбаева Гүлсім.
Аталған байқаудан 7 сынып оқушысы Аман Іңкәр І орынды иеленіп, «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтетін байқауға және Түркия елінде өткізілетін. Жетекшісі: Алибекова Ділдә.
МЕКТЕП САЛАМЫН ДЕГЕН КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН:
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен жан басына қаржыландыру жүйесімен облыстағы мектеп құрылысын салу мәселесін қарау жоспарлануда. Осыған байланысты 2023 жылдың 23 қараша күні тиісті басқарма басшылары және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен мәжіліс өтеді. Мектеп құрылысын салуға ниеттенген кәсіпкерлерді мәжіліске шақырамыз!
Өтетін уақыты: Мәжіліс 23 қараша күні, сағат 15:00-де .
Өтетін жері: Облыстық әкімшіліктің 3-қабатында.
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
2023 жылдың 9-12 қазан күндері аралығында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Менің Отаным- Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының слеті өткізілді.
Слет мақсаты: Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау; Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту; Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; Білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:
I орын — Төле би ауданы;
II орын — Түркістан қаласы;
III орын — № 17 Ататүрік мектебі.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Шардара ауданына қарасты «Шардара» мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін мектептерде «Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында аудандық әдістемелік оқыту семинар өткізілді.
Мақсат — мектепалды даярлықта тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі негізінде бағытын білім беру міндеттері бойынша орындауды қарастыру, тәрбиеленушілердің сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Семинар барысында негізі оқыту міндеттерін іске асыру кезінде сапалы білім беру ортасын құру, білім беру қызметін тиімді ұйымдастыру, педагогтің әр баламен жеке қарым-қатынасы, баланың іс-әрекетіне және шынайы қызығушылықпен қарау, тыңдау, балаға жылы қарым-қатынас көрсету туралы талқыланды.
Мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу мен білім беру процесінде дамытушы заттық-кеңістікті ортаны ұйымдастыру ұсынылды. Барлық қатысушылар өз ойларын ортаға тастап, тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік көмек алды. Семинарға мектепалды даярлық педагогтері қатысты.