Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫНАН ТУҒАН ЕРТЕГІЛЕР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚИЯЛЫНАН ТУҒАН ЕРТЕГІЛЕР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

24.11.2023
«Фараб» кітапханасында «Ақылды балаға – сыйлыққа Ақылдым» ақция-байқауы өз мәресіне жетті. Онда әр ауданнан облыстық финалға жолдама алған 18 бала сынға түсті. Байқау барысында қатысушы балалардың қиялынан туған ертегілер жазылған жинақтың тұсауы кесілді.
Байқау қорытындысы бойынша Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласынан қатысқан үміткерлер арнайы номинация иеленді. Ал ІІІ орынды — келестік Ерсұлтан Икрам иеленіп, Түркия еліне саяхатқа жолдама алды. ІІ орын алған түлкібастық Лала Кулиева Грузия еліне жолдамаға ие болды. І орын иесі төлебилік Думан Жақсылыққа Дубай қаласына жолдама бұйырды. Ал, бас жүлде иесі Мерей Балтабекке Тайланд еліне жолдама және «Фараб» кітапханасының арнайы 30 000 теңге ақшалай сыйлығы бұйырды. Барлық қатысушыға ҚР Оқу ағарту министрінің алғыс хаты табысталды.
Отырар ауданынан келген қатысушы Ақерке Баянбай демеуші Батырбек Көшербайдың арнайы стипендиясының иегері атанды. Бәйдібек ауданының намысын қорғаған Жайна Шырынбек композитор Бекжігіт Сердәлінің арнайы сыйлығына ие болды. Қазылар алқасының мүшесі Ұлмира Нұрмаханқызының арнайы ақшалай сыйлығы ордабасылық Інжу Жолдасқа бұйырды. Ал ұстаз Әсел Бимырзаеваның арнайы сыйына саурандық Думан Төлеу ие болды. Жанат Сәдібекқызының арнайы сыйы — «Алтын Самрұқ» театрына жолдама және «Түркістан» 3Д кітабы барлық қатысушыларға табысталды. Сонымен қатар, қатысушылар «Ақылдым» журналына 6 айға тегін жазылым алды.
Үш кезең бойынша сайысқан қатысушыларға «Қызмет» газеті ЖШС директоры, «Серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Бейсенкүл Нарымбетова, журналист, профессор, композитор Бекжігіт Сердәлі, «Turkistan» телеарнасының продюсері Ұлмира Тоқсанбаева, ұстаз Әсел Бимырзаева, «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова қазылық етті.
Айта кетейік, Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасы мен республикалық «Ақылдым» журналы бірлесіп ұйымдастырған аталған байқау сәуір айынан бастап оқырманға жол тартқан болатын.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.