ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 28 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
0
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ОТЫРАРДА «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Жыл сайын дәстүрлі «Үздік мұғалім -2023» байқауы өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін айқындау,олардың ғылыми-әдістемелік қызметін ынталандыру. Білімді, білікті және белсенді ұстаздарға қолдау көрсету, мұғалімдердің педагогикалық жаңа идеялар мен инновациялық технологияларды ендірудегі мәлімет базасын кеңейту, озат тәжірибелерді насихаттау міндеті болып табылады.
Байқау ережесіне сәйкес, бақ сынаған ұстаздарымыз өз білімі мен біліктерін сарапқа салды. Нәтижесінде «Үздік мұғалім-2023» байқауының бас жүлдесіне М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Жанбатырова Аийда ие болды. Аудандық кәсіподақ төрағасы Е.Қасым барлық марапат иелеріне бағалы сыйлықтар тапсырды.
Ұстаз… Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны! Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.
Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз — берік, келешектеріңіз — кемел болсын дегіміз келеді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ FACE ID АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛДЫ
Мемлекеттік гранттардың дұрыс игерілуіне
байланысты басқарма тарапынан колледж студенттерінің сабаққа қатысуына арнайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг студенттердің сабаққа қатысуын өкінішке
орай барып көру тәсілімен жүргізілген. Осы ретте, мониторинг жұмысын автоматтандыру мақсатында басқармаға қарасты
25 мемлекеттік колледж өз қаржаты есебінен білім алушылардың сабаққа қатысуларын қашықтан қадағалау үшін FACE ID ақпараттық жүйесін орнатылды.
Жаңа жүйеге колледждің барлық студенттері мен мұғалімдері, техникалық қызметкерлерінің электронды суреті мен аты-жөндері енгізілген. Құрылғының бейнекамерасына қараған кезде тіркелген адамдарды бірден танып, мекеменің кіре берісінде орнатылған турникеттер автоматты түрде ашылады. Тіркелмеген, сырттан келген бөтен адамдардың түрін танымай, арнайы қызыл белгі береді. Бұл ретте орта білім беруден кейінгі мекемелердің арнайы күзет қызметі келіп, ақпарат сұрайды. Бұл бастама студенттердің сабаққа уақтылы келуінде де қадағалап отырады. Ол арнайы базаға автоматты түрде енеді. Бұл жүйені әр колледжде оператор бақылап отырады.
Қазіргі таңда, 24 колледжде жұмысы толық аяқталған, ал 1 колледжде жұмысы толық қараша айында аяқталады. Нәтижесінде FACE ID ақпараттық жүйесі басқармамен
интеграцияланып толық автоматтандырылатын болады.
БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНДАРҒА ІС-САПАРЫ СОЗАҚТА ЖАЛҒАСТЫ
Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Созақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебіне келіп, қауіпсіздік жүйесін пысықтады. Дабыл батырмасымен қамтамасыз етілген білім ордасының қоршауы қалыпты жағдайда екенін қарады. Арнайы күзет қызметі іске қосылған. Алайда бейнекамералар саны жеткіліксіз. Басқарма басшысы мектеп басшысына камералардың санын арттырып, бақылауды күшейтуді тапсырды. Қазіргі таңда турникеттерді орнату үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Созақ ауданының білім бөліміне қарасты «Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейін» көруге келген Ғалымжан Сұлтанбекұлы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді. Қатты отын қоры 900 тоннаны құрайды. Көмірді сақтау нормасы дұрыс реттелген. Жылыту қазандығын қадағалап, жүйелі қосу жағын қарап шықты. Мыңға жуық бала білім алатын мектеп 4 жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Спорт зал, асхана жағдайы бірқалыпты.
Басқарма басшысы аудандағы сапар барысында тек мектептердің жағдайын емес, балабақшаларды аралауды жалғастырды. Созақтағы «Жұлдыз бөбекжай-бақшасы» толықтай қарап, жұмысына шолу жасады. 2006 жылы пайдалануға берілген ғимарат күрделі жөндеуден өтуді талап етеді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы аудандық білім бөлім басшына “Білім ордаларды күтіп ұстау жағын қатаң бақылауға алу керек. Себебі бұл ғимараттан да ерте берілген кей мекемелер тап-таза, жарамды етіп ұстап отыр” , — деп тапсырды. Бастысы балалар ыңғайлы, оқуға жайлы, қауіпсіз ортада білім алу керектігін алға тартты.
Келесі «Балауса бөбекжай-бақшасына” ат басын бұрып, балалардың қандай мекемеде тәрбиеленіп отырғанын көріп қайтты. 2012 жылы қолданысқа берілген балабақшада 140 бала бар. Қауіпсіздік жағы жүйеленген. Ғимаратта 22 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Спорт зал жағдайына келсек, музыка залымен біріктірілген, оңтайлы ыңғайластырған. Алайда әжетханасының жағдайы көңіл көншітпейді. Ғалымжан Сұлтанбекұлы жауапты мамандарға басқармаға өтінім бергіздіріп, тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Басқарма басшысы аудандарға барып, қауіпсіздік пен жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жалғастырады. Басты мақсат- мәселені көзбе-көз көріп, олқылықтардың орнын толтыру. Бұл бастама арқылы аудандағы жұмыстармен танысып, бірқатар білім ордаларының жағдайы жақсарады.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ
Петропавл қаласында 13-19 қараша күндері аралығында тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өткізілді. Бұл чемпионатқа облыстық іріктеу жарыста барлық қарсыластарын тізе бүктірген Отырар ауданына қарасты Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 сынып оқушысы Әлихан Қанатұлы қатысқан болатын. Ол 6-7 күнге созылған тартысты додада І орынды қанжығасына байлап, алтыннан алқа тақты. Жаттықтырушысы Азамат Ділдабаев. Үздік оқушысы, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп отырған Алихан Қанатұлы аталған білім ордасының біздің мақтанышы!
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Сауран ауданының білім беру ұйымдарында «Адал ұрпақ» ұйымы мен «Аманат» дебат клубының ұйымдастыруымен бөлімге қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жеңіс шындық па, әлде арман ба?» атты дебат ойыны, А.Үсенов атындағы мектепте «Сурет байқауы», А.Юганики мектебінде «Адалдық-асыл қасиет» сынып сағаты, М.Мәметова мектебінде Мәдениет қайраткерлері Тутихан Абдувалиқизы және Зебинисо Марибжанқызымен кездесулер өткізілді.
Аталған іс-шараға облыстық «Адалдық алаңы» жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағамбетқызы және Сауран ауданының білім бөлімінің басшысы Батырбекова Ақмарал Үсенқызы қатысты.
Іс-шараға қатысушылар адалдық, парасаттылық, адамгершілік тақырыптары аясында ой пікірлерімен бөлісті.
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ӨТТІ
Бәйдібек аудандық білім беру мекемелерінің оқушылары арасында спорттың үстел теннисі түрінен «Ұлттық мектеп лигасы» аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты: діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, облыстық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау.
Аталған лигаға аймақтық кезеңнен сүрінбей өтіп, І орын иеленген 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасындағы командалар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
— 5-6 сынып: Ғ.Мұратбаев, Есіркеп батыр, С.Ерубаев, Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектептер;
— 7-8 сынып: Ш.Уалиханов ЖББМ, С.Ерубаев ЖББМ, Ғ.Мұратбаев ЖББМ, «Қосбұлақ» ЖББМ атындағы жалпы білім беретін мектептер;
— 9-11 сынып: Ғ.Мұратбаев ЖББМ, Есіркеп батыр ЖББМ, Ш.Уалиханов ЖББМ, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептер тиісінше 1, 2, 3 орындардан көрініп, аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Алдыңғы мақала

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

«ҮЗДІК ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГІ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.