Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
«ТҰРАН СКАУТТАРЫ ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен 26-29 қазан күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалындағы туристік лагерде «Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиыны өткізілді.
Жиын мақсаты: Оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттыру; Топтар арасынан үздік туристік топтарды анықтау; Құтқару жұмыстарын үйрету; Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.
Жиынға «Облыстық жас туристер станциясы» КММ және қарасты қала, аудандық бөлімдерден 110 оқушы қатыстырылды.
Жиын «Техникалық жұмыс», «Кедергілер жолағы», Туристік түйіндер», «Топографиялық белгілер» кезеңдерінен тұрды.
«Тұран скауттары әскери патриоттық қозғалысы» жиынының жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:
І орын -Төлеби ауданы, жетекшісі Адаев Серікболсын;
ІІ орын — Келес ауданы, жетекшісі Мырзанов Ғалымжан;
ІІІ орын — Түркістан қаласы, жетекшісі Мәшүр Серік.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
«ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ -2023» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында «Үздік кітапханашы -2023» тақырыбында облыстық Байқауға аудан көлеміндегі 30 мектептің кітапханашылары қатысты. Соның ішінде Шенгелді шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Ұлбосын Ахметова аталған байқауда жүлделі І орынмен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды.
Басқа да үздік деп танылған кітапханашылар, арнайы білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Мамандар бір-бірімен жаңаша тәжірибе алмасып қайтты. Ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөль атқаратын кітапханашылар креативті болуы міндетті. Бейбіт күнде берекеміз артып, мәртебеміз биіктей берсін!
TURKISTAN TRAVEL FEST ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА ТУР ӨТКІЗІЛДІ
«Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен Turkistan Travel Fest фестивалінің аясында Кентау трансформатор зауытына кәсіптік бағдар беру бойынша тур өткізілді.
Жоба аясында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нен жалпы саны 150 оқушы қатысты.
Кәсіптік бағдарлау турларының мақсаты – оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі туралы ақпарат беру, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру.
Өнеркәсіптік нысандармен қоса тур бағдарламасы бойынша оқушыларға Ұлы Дала елі музейіне, заманауи «Farab» кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, оқушыларға кәсіби бағдар берушінің қатысуымен тренинг өткізілді.
АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН САЙЫС ӨТТІ
Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» және «Зат» бөбекжай балабақшасында тәрбиешілер: Алия Мырзаева және Роза Нурмуратованың ұйымдастыруымен асық ойындарынан сайыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын қайта жаңғырту, ойын тарихы туралы түсінік беріп, балалардың қызығушылығын ояту. Асық ойнату арқылы балалардың мергендікке, ептілікке, дәлдікке және әділдікке баулу. Балаларды өзіміздің ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулу. Асық ойыны баланы жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап оларды ұстамдылыққа байсалдылыққа тәрбиелейді.
Аталған сайыс балаларға қатты ұнады және олар ерекше ықыласта асық ойнады.
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ТУРИСТІК-ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЖАСАҚТАРЫНЫҢ СЛЕТІ ӨТТІ
2023 жылдың 9-12 қазан күндері аралығында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Менің Отаным- Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының слеті өткізілді.
Слет мақсаты: Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау; Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту; Тәжірибелік және зерттеу қызметіне қызығушылық танытушы білім алушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету; Білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің жалпы топтық туристік кезең жеңімпаздары:
I орын — Төле би ауданы;
II орын — Түркістан қаласы;
III орын — № 17 Ататүрік мектебі.
Жеңімпаз топтар «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің дипломдарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.