ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 26 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

ais_media ais_media
25.11.2023
Аймақ
0
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері Б.Еркинова география пәні мұғалімдерімен «География пәніндегі функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын тереңінен дамыту, алған білімдерін сыныпта, сыныптан тыс және өмірде қолдануына дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету, тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын ескере отырып, функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамытып, алған білімдерін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаны тәрбиелеп оқыту – білім беру мамандарына артылған жауапты міндет екенін түсінгеніміз жөн.
В.Комаров атындағы жалпы білім беру мектебінің география пәні мұғалімдері «География сабағында ақпараттық технологияларды қолдана отырып, PISA тапсырмаларын орындауда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», Қ.Үкібаев атындағы жалпы білім беру мектебінің география пәні мұғалімдері «География сабағына арналған PISA тапсырмалары», «Мақтаарал» мектеп-гимназияның география пәні мұғалімдері «География сабағында PISA тапсырмаларын қолданудың тиімділігі» тақырыптарында өз баяндамаларын оқып, мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген тұлға тәрбиелеу педагогтардың басты міндеті болып саналады.
ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ — ОРТАҚ ІС.
Мақтаарал ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес, «С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектептің» базасында білім беру ұйымдарындағы бастауыш сынып мұғалімдерімен «Озат тәжірибе- ортақ іс» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті.
Мақсаты: Білім мазмұны мен оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру, Интербелсенді оқыту-білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілін, білім алушылардың бірлескен әрекет дағдыларын қалыптастыру бойынша өзара тәжірибе алмасу болды.
ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА МАЗМҰН МЕН ФОРМАТҚА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, «М.Өтемісұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектебінде» «Заманауи кітапхана мазмұн мен форматқа жаңаша көзқарас» тақырыбында кітапханашылар семинары болып өтті.
Семинар барысында «Кәсіби даму жүйесінде медиа-ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру», «Замануи кітапхана келбеті бүгіні мен келешегі» және «Зерделі оқырман» тақырыптар аясында шебер сынып сағаттары кітапханашылармен бірлесе отырып өткізілді.
Аталған мәселерлердің маңыздылығына тоқтала келе бөлімінің әдіскері Т.Қыдырбаева 2023-2024 оқу жылына кітапханашылардың жүргізілетін жұмыс жоспарына, секция жұмысына ұсыныстар айта отырып семинарды қорытындылады. Семинарға кітапханашылар белсене қатысып,өзара тәжірибе алмасты.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ — САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің базасында «Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын кіріктіру арқылы сапалы білім беру» тақырыбында химия, биология пәні мұғалімдерінің аудандық семинары ұйымдастырылды. Бағдарламаға сәйкес М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Г. Аширова «Химия сабақтарында STEAM технологиясы мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. №35 «Болашақ» жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Ж.Тумабаева «Химия сабақтарындағы PISA » тақырыбында PISA тапсырмаларына талдау жасап, күрделілік деңгейіне қарай оқу мақсаттарына сәйкес енгізуге ұсыныс берді. Қ.Үкібаев атындағы №37 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі А.Бурисова «Мектепке арналған PISA тапсырмаларын сабаққа кіріктіру» тақырыбында атқарылған жұмыстары туралы баяндады. «Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуде биология пәнінен ғылыми — жаратылыстану тапсырмаларын талдау» тақырыбында Тоқжігітов атындағы №42 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Ф.Клышбекова талдады. «Мақтаарал» мектеп гиназиясының химия пәні мұғалімі Ф.Артыкова «Халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабаққа кіріктіру» мәселесіне тоқталып өтті.
Бөлімнің әдіскері Ш.Спанова «PISA-2025 жаратылыстану тұжырымдамасы туралы» және ББЖМ жүргізу қағидаларына және «Мектептерге арналға PISA» 2022 зерттеуіне қатысқан білім беру ұйымдарының талдауына тоқталды.
Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді. Оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, функционалды сауатты ету және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп дайындау педагогтардың басты мақсаттарының бірі.
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №20 Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында мектепалды даярлық сыныптарының «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің сапасын арттырудағы тиімді әдістер мен тәсілдер» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Педагогтың кәсіби шеберлігін дамыту, жаңа технологияларды өз тәжірибесінде қолдана отырып оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын және ойын түрлері арқылы балалардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Семинар барысында мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар тақырыбы бойынша мәселер талқыланды. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекет барысында ойын түрлері арқылы танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс тәсілдерді қолдану шеберлігі көрсетілді.
ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ СУРЕТТЕР ЧЕЛЛЕНДЖІ
Мақтаарал ауданы С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты мектептер арасында «ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ» сурет байқауы 5-11 сынып оқушылары арасында суреттер челленджі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын ұстану, вейпингтің зияны туралы хабардар болу және балаларды вейпинг сияқты жаман әдеттерден бас тартуға және оларды белсенді шабыттандыру болып табылады.
Іс-шара балалардың физикалық және психологиялық денсаулығына ықпал етуге, сондай-ақ оларды салауатты өмір салтына ынталандыруға арналған.
«ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ» суреттер Челленджінің байқау қорытындысы бойынша “Мақтаарал” МГ оқушысы Абдуллаева Севени бас жүлдені иеленді.
Алдыңғы мақала

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.