Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ – ОРТАНЫ ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты №8 «Үлгілі» бөбекжай-балабақшасының базасында шығармашыл педагогтардың іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің жаңа тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар болып өтті. Іс-шара барысында мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық –кеңістіктік дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету арқылы қолжетімді пәндік –кеңістік даму ортасы ұйымдастырылып, көңілді би «Флешмоб» пен басталды. Балабақшада 3 топта заттық –дамытушы ортаның балаларға қолайлы, олардың үйлесімді дамуына әсері тақырыптарына байланысты орталықтар құрылған. Тәрбиеші Туребекова.М Робототехника «LEGO» құрастырғыштар тақырыбындағы іс-әрекеті балаларға ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға көмектессе, Мирашева.М «Білім патшалығына саяхат» тақырыбында балаларды дәстүрден тыс іс-әрекетермен қамтылса, тәрбиеші Абенова.К «Өлкемізге күз келді» тақырыбында бес дағдыны қамти отырып балалардың шығармашылықты және ерекше ойлауын дамытытты. Семинар барысында бөлім әдіскер Ибрагимова.С педагогтермен жоспарланған бағдарламадағы іс-әрекеттер, концерттік бағдарламаларға қорытынды жасап, балабақшадағы тасымалдың ұйымдастырылуы, топтардағы жылудың қалыпты жағдайда болуы, білім беру обьектілерінің қызметкерлерінің медициналық қарап-тексерулердің уақтылы өтуін талқылап хабарламалар мен әдістемелік көмек берді.
PISA МЕН ББЖМ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫНА ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Мақтаарал ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің, жылдық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Б.Тынысбайдың ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында «PISA мен ББЖМ бойынша оқу сауаттылығына дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні, өзбек, тәжік пән мұғалімдеріне PISA халықаралық зерттеуi бойынша, ББЖМ бойынша оқу сауаттылығы арқылы оқушылардың жазба мәтіндерді түсініп, саналы оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасай алуы, олардың мазмұнын өмірмен байланыстыра алуы, бiлiмдері мен дағдыларын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдана білуі бойынша пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, іс-тәжірибе алмасу мақсатында аудандық семинар өтті.
Семинар барысында «PISA-ға дайындау жайлы жалпы түсінік» тақырыбында «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі У.Утелова баяндама оқып, оқушыларды PISA-ға дайындау жұмыстары, жақсы нәтижеге жету жолдары туралы айтты.
Сондай-ақ, Т.Әубәкіров атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Аллабергенов «PISA зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту дағдылары» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
«PISA, ББЖМ талдау» тақырыбында В.Комаров жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Урисбаева PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы бойынша мәтінмен жұмыс және тапсырмалар құру үлгісін көрсетіп, оқу сауаттылығында ұсынылған тапсырмаларды орындаудың тиімді жолдарын қарастырды.
Тұрсын-заде атындағы жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі А.Дадажонов «Тәжік тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың сөйлеу, тіл байлықтарын жаңа әдіс-тәсілдермен дамыту жолдары» тақырыбында баяндама оқыды.
Семинарға соңында семинарға қатысқан әріптестер өз ойларын ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСЫП ҚАЙТТЫ
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері Мырзалиева Нурсулу Құрманқызы, Қостанай қаласында өткен Республикалық Дарын орталығының ұйымдастыруымен «Озат» мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында физика, химия, биология пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды ғылыми жобалар конкурстарына дайындаудың құрылымдық-мазмұндық қызметі» атты республикалық оқу семинарына қатысты.
Семинарға республикамыздың түкпір-түкпірінен 50-ге жуық мұғалімдер жиналды.
Республикалық оқу семинарының негізгі мақсаты — физика, химия, биология пәні мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жұмыс барысында, құзыреттілігін арттыру мақсатында тәжірибе бөлісу болып табылады.
Семинар спикерлері ретінде «Озат» МАТМЛИ ұстаздары мен дарынды оқушылары, сонымен қатар, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары тәжірибелерімен бөлісті. Республикалық оқу семинарынан тәжірибелі жұмыстармен құнды мағұлматтар алынды. Алдағы уақытта аудандағы педагогтерге ғылыми жобаны жазудың қыр сырымен бөлісу жоспарлануда.
ОБЛЫСТЫҚ «ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» БАЙҚАУЫНАН ПЕДАГОГТАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ
Түркістан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 7 қазан күні Түркістан қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы №1 мектеп-лицейі базасында «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі болып өтті.
Байқаудың мақсаты: пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату болып табылады.
Байқауда мұғалімдерге 7 минут уақыт беріліп, перезентация түрінде қорғады. Авторлық бағдарламаның мазмұны: оқу-тақырыптық жоспар, бөлімдердің тізімі, тақырыптар, теориялық және тәжірибелік сабақтарға бөлінген әрбір тақырыпқа арналған сағаттар саны. Авторлық бағдарламалардың мазмұны тақырыпты қысқаша баяндау арқылы ашу.
Байқаудың қорытындысы бойынша Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Меденова Гульдана жүлделі ІІ-орын, №35«Болашақ» жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оринбекова Гулмира жүлделі ІІІ-орындарға иеленді. Жүлделі ұстаздарға инновациялық идеялары мықты ұстаз болуына тілектеспіз.
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ИДЕОЛОГИЯСЫНАН БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
Түркістан облысы білім басқармасының 08.11.2023жылғы №42-01-11/8073 шығыс хаты негізінде 14.11.2023жылы Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде орналасқан «Ақ алтын» мәдениет үйінде Түркістан облысы Дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің Мақтаарал ауданының дінтанушы-теолог мамандары Аманов Дәурен және Болат Әбділкәрім мен Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Бекқожа Демеусін «Діни экстремизм мен терроризм идеологиясынан балаларды қорғау және алдын алу» бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға аудандық мектептердің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог мамандар қатысты.
ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ЛОГОПЕД-ДЕФЕКТОЛОГТАРЫНА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беру бойынша әдіскері А.Бердіхан «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, әдістемелік десант құрамында болып, 2023 жылдың 16 қараша күні Әл-Фараби атындағы №12 жалпы білім беретін мектеп базасында Жетісай ауданына қарасты барлық білім беру ұйымдарының логопед-дефектологтарына әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік көмектің мақсаты: Жетісай ауданына қарасты білім беру ұйымдарындағы логопед-дефектологтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша ақпараттық жұмыстар, әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу жүргізу.
Әдістемелік көмекте: инклюзивті білім беру бойынша басшылыққа алынатын құқықтық-нормативтік құжаттар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың педагогикалық-психологиялық сипаттамасы мен санаттары, жалпы білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру, арнайы педагог құжаттарының бірізділігі туралы ақпарат беріп, арнайы мамандардың жұмыс барысындағы толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.