Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты Мақтаарал аудандық білім бөлімінің жалпы білім беру мекемелерінде бүгін бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
«АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында бүгін «Ұлтымыздың ұлттық ойыны-тәлім-тәрбиенің көзі» атты іс -шара өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың рухани- адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, ұлттық мұраны сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу.
Аталған іс-шараны іске асыру мақсатында аға тәлімгер Розагул Миркибаеваның ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларна «Асық ату» ойыны туралы насихат жұмыстары жүргізілді.
Ұлттық ойындар — адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі.
Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдарына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі саналған «Асық ату» ойынына оқушылар қызыға қатысты. Ұлдар арасында «Бес табан»,» Бес асық» ойындары жүргізіліп, қатысушылардың алғырлығы, мергендігі сынға түсті.
Нәтижесінде, ұлттық ойындар арқылы балалардың, ептілік, дәлдік, тапқырлық пен байсалдылық қабілеттері дами түсті.
АТА — АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ
Сайрам ауданы «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ағаш бұйымдарын құрастырушы» кәсібінің мұғалімдері осы мамандық бойынша білім алып жүрген оқушылардың ата-аналарына «Ата-ана, сіздің пікіріңіз біз үшін құнды» атты ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында ата-аналар перзенттерінің бұл кәсіпте нені үйреніп, неге үйретіліп, қандай машықтар қалыптасып жатқанын көрді. Оқушылар үш топқа біріктіріліп, үш түрлі тұрмыстық бұйымды ата-аналарының алдында орындады. Перзенттерінің жұмыс барысындағы әрекетін, жасаған бұйымдарының сапасын көріп тамашалаған ата-аналар ұстаздар қауымына өздерінің ақжарма алғыстарын білдірді.
СЕМИНАР: «ОҚУҒА ҚҰШТАР БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ РӨЛІ»
Шардара аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, бүгін «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде «Оқуға құштар баланы тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Мақсат — оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің арттыру, жас ұрпақ бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Семинарда мектеп кітапханашылары: Ж.Шынтемирова мен П.Усербаева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылған озық тәжірилерімен бөлісті.
Мысалы, ата-аналармен «Кітап оқитын отбасы — ғасыр үлгісі» тақырыбында өткен құрастыру әдісі бойынша ата-аналар оқушылармен бірге оқыған көркем шығармаларды талдап, ой-түйіндерімен бөлісті.
«Оқырман сұранымындағы кітап» атты ынтымақтастық сабақта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің А.Утемисова О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызды.
Шараға қатысушылар Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын, өскен ортасы мен қалыптасқан кезеңімен жан-жақты танысып, бала бойына рухани патриоттық сезім ұялата білген білікті ұстаздың шеберлігіне тәнті болды.
Мектептің кітапхана меңгерушісі Ж.Шынтемирова электронды кітапттарды қалта телефонындағы Play Маркеттен «куеркод» қосымшасын жүктеп алып, керекті кітапты оқуға мүмкіндіктер жасады.
Семинарға оқушылар мен ата-аналар және мұғалімдер жұмылдырылды.
ТҮЛКІБАС: АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Түркібасы» жалпы білім беретін мектеп базасында бүгін «Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азамат тәрбиелеу.
Семинар Х.Юсупалиевтың «Қызықты әлемге саяхат» тренингімен басталды.
Іс-шара барысында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін көрсету», «Мағжан Жұмабаевтың туғанына — 130 жыл», «Сіздің балаңыз жаяу жүргінші», «Толық адам ілімі», » Әкем айтқан нақыл сөз» дөңгелек үстел», «Дара тұлға — Бейбарыс» әдеби-вернисаж, «Әкеге — ізет, анаға — құрмет», «Отбасылық дәстүр» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.
«Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы» спорттық іс-шара соңы ұлттық құндылықтарға негізделген концерттік бағдарламаға ұласты.
Семинарға қатысушы педагогтер өткізілген сабақтарға өз ұсыныстарын жеткізіп, диалогтік алаң жүргізілді.
ТҮЛКІБАС: АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты “Түркібасы” жалпы білім беретін мектеп базасында бүгін “Ұлттық құндылықтарға негізделген: Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру шеңберінде «Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту” тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азамат тәрбиелеу.
Семинар Х.Юсупалиевтың “Қызықты әлемге саяхат” тренингімен басталды.
Іс-шара барысында “Ұлы даланың ұлтаралық тілі мемлекеттік тілді оқытудың озық әдіс-тәсілдерін көрсету”, “Мағжан Жұмабаевтың туғанына — 130 жыл”, “Сіздің балаңыз жаяу жүргінші”, “Толық адам ілімі”, “ Әкем айтқан нақыл сөз” дөңгелек үстел”, “Дара тұлға — Бейбарыс” әдеби-вернисаж, “Әкеге — ізет, анаға — құрмет”, “Отбасылық дәстүр” тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтті.
“Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы” спорттық іс-шара соңы ұлттық құндылықтарға негізделген концерттік бағдарламаға ұласты.
Семинарға қатысушы педагогтер өткізілген сабақтарға өз ұсыныстарын жеткізіп, диалогтік алаң жүргізілді.
ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Шардара аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес, бүгін №12 жалпы білім беретін мектеп базасында «Жалпы адамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар мақсаты: Білім мазмұнының жаңаруы мен қатар сабақ үдерісіндегі оқытудың әртүрлі әдістерді тиімді қолданудың маңызын ашып көрсету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Тәжірибелік семинарда аталған білім ордасының тарих және география пән мұғалімдерінің «Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктері», «Құрлық сулары», «Сырым Датұлы бастаған көтеріліс», «Қыпшақ хандығы», «Қазақстандағы ұлттық автономиялар», «Геосфералардың ластануы», «ХХ-ғасырдың екінші жартысындағы білім беру жүйесінің дамуы», «Гидросфера және оның құрамдас бөліктері», «Тоқырау жылдарындағы демографиялық процесстер», «Монғол шапқыншылығы» тақырыптарында ашық сабақ және шебер сабақтары өткізілді.
Семинар қорытындысын бөлім әдіскері М.Мырзабасов және №12 мектеп директорының міндетін атқарушы Д.Тулепов қорытындылап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
Түркістан қаласының Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің базасында бүгін 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада мақсаты – Қазақстан Республикасындағы дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, білімгерлерді қолданбалы лингвистика бойынша білімдерін жетілдіру және тереңдету болып табылады.
Айта кететін болсақ, олимпиаданың аудандық кезеңі 2023 жылдың 10 қараша күні 17 ауданнан 876 оқушы және 12 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 148 оқушы, жалпы 1024 оқушының қатысуымен өткен болатын.
Нәтижесінде облыстық кезеңге 29 оқушы жолдама алды.
Республикалық ақтық кезеңге жолдама алған оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!


