«Прокуратураға түскен өтініштер қараусыз қалмайды» — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Воскресенье, 10 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Прокуратураға түскен өтініштер қараусыз қалмайды»

ais_media ais_media
20.01.2024
Қоғам
0
«Прокуратураға түскен өтініштер қараусыз қалмайды»
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиевпен бүгінгі әңгімеміз қазіргі жаңа талаптар, қадағалау қызметі органдарындағы жағымды өзгерістер жөнінде өрбіді. Прокуратура қызметіндегі басты бағыттардың бірі – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету екені белгілі. Мұрат Әжінұрұлы бұл тұрғыда әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларындағы түйткілдермен қатар білім мен тәрбие беруге қатысты прокурорлық пайымдауларымен де бөлісті.
– Мемлекет басшысы бұдан үш жыл бұрын жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоғамда заң үстемдігі орнамай, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы табысты болмайтынын атап өткен еді. Президенттің осы айтқан сөздері прокуратура қызметін жандандыруға арқау болды. Былтыр конституциялық мәртебесі бар «Прокуратура туралы» заң қабылданды. Заң қолданысқа енгелі құқық қорғау органдары қызметінің сипаты жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастады. Бұрын жазалау бағыты бірінші кезекте тұратын. Қазір олай емес. Керісінше, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолдарын кесу жағына мән беріле бастады. Облыста қабылданған бағдарламалар мен пилоттық жобалардың басты мақсаты да осындай. Бір сөзбен айтқанда, жол айқын, міндет белгілі.
– Мұрат Әжінұрұлы, жыл басынан бері облыстық прокуратура тарапынан атқарылған жұмыстар туралы айтып өтсеңіз? Заңдылықтардың сақталуын қорғау бағытында қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?
– Облыстық прокуратура тарапынан осы аталған мерзім ішінде бірқатар нәтижелі істер атқарылды. Атап айтатын болсақ, облыстық прокуратураның ықпалымен 200 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан және заңсыз пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекетке қайтарылды. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде
57 елді мекеннің ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, 28 су көзіне барлау жұмыстары жүргізілді.
Өздеріңізге белгілі, прокуратураның басты міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Прокурорлық тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар 10 мыңға жуық адамның құқығы қорғалды. Сонымен бірге заңбұзушылықтарға жол берген 113 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Былтыр Ұлттық экономика министрлігі елдің барлық өңіріндегі әлеуметтік көмек алушылар үшін газдың бөлшек саудадағы тарифін 20 пайызға төмендетуге келіскен. Осы жөнінде облыс әкімдігі мен «ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ арасында меморандум да түзілген. Алайда, бұл мәміленің жүзеге асырылмай, қағаз жүзінде қалып қойғаны анықталды. Біздің араласуымыздан кейін осал топтағы 11 мың абонентке табиғи газ төмен бағамен берілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері бюджетке 2,5 млрд. теңгеден астам қаржы өндірдік. Заңдылықтардың сақталуын қорғау бағытындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.
– Прокуратура қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі – азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша тиісті шараларды жүзеге асыру екені белгілі. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? Қай аудан-қалалардан арыз-шағымдар көп түседі? Олар көбіне қандай мәселелермен жүгінеді? 
– Жыл басынан бері облыс прокуратурасына жеке және заңды тұлғалардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оларды қарау нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша 25-тен астам прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Прокуратураға түскен өтініштердің басым бөлігі қылмыстық процестің сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы мәселелерге қатысты болса, қалған арыз-шағымдар әлеуметтік-экономикалық салаларға тиесілі. Оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының әрекеттері мен актілеріне қатысты түскен шағымдардың көбісі қанағаттандырылды. Осы ретте айта кетейін, бізге түскен өтініштердің ешқайсысы қараусыз қалмайды.
Облыс халқының 80 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысатындықтан, бізге жерге қатысты өтініштер жиі түседі. Негізгі мәселе – жайылымдық жер мен ағын судың тапшылығы. Жайылымдық жер мәселесін шешу үшін облыстық прокуратура тарапынан «Қолжетімді жайылым» жобасы іске қосылды. Жоба аясында жайылымдық жерге деген нақты қажеттілік 652 мың гектарды құрайтыны анықталды. Алайда, ауыл әкімдерінің берген статистикалық есебі дұрыс болмай шықты. Яғни жайылымдық жерге деген қажеттілік
3 есеге, яғни 2,1 миллион гектарға артқан. Статистикалық есепті бұрмалаған 174 ауыл әкіміне
4 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Сіздің азаматтарды жиі қабылдап, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдайтыныңызды байқап жүрміз. Азаматтар қандай мәселеге жиі шағымданады?
– Облыстық прокуратура басшылығы мен аудан және қала прокурорлары апта сайын азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жеке қабылдау өткізеді. Айталық, жыл басынан бері прокурорлар 2 мыңнан астам азаматты қабылдаса, соның 1463-ін прокуратура органдарының басшылары қабылдады.
Тұрғындарды толғандырған мәселелер де сан алуан. Көпшілігінің отбасылық даулар мен қылмыстық істерді тергеудің әділдігіне, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты заңсыздықтар мен ішкі істер қызметкерлерінің қызметіне көңілдері толмайды. Олар бойынша түскен әрбір өтініш қатаң бақылауға алынып, проблеманы шешу үшін қажетті шаралар қабылданады.
Сонымен қатар, облыста орналасқан қауіпсіздігі орташа №55 түзеу мекемесінде ай сайын жеке қабылдау жүргіземін. Сол жердегі жаза өтеушілерді жұмыспен қамту мақсатында прокуратураның бастамасымен жергілікті атқарушы органдар мен мекеме арасында іс-шаралар жоспары бекітіліп, нәтижесінде түзеу мекемесіне 2 жеке кәсіпкер тартылды. Бүгінгі таңда мекемедегі 6 жеке кәсіпкер 272 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр.
– Қазір жасөспірімдерге қатысты қылмыс көп. Әсіресе, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деректері күн өткен сайын үдеп барады. Осы қылмыстардың алдын алуда прокуратура тарапынан нендей жұмыстар қолға алынып жатыр?
– Түркістан облысы – еліміздегі халық ең көп шоғырланған өңір. Мұндағы 2,1 млн. адамның 916 мыңы – кәмелетке толмағандар. Олардың құқықтарын қорғау үшін «Салауатты болашақ» жобасы дайындалып, іске асырылуда.  Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтардың алдын алу, осы бағыттағы уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру. Жобаны жүзеге асыру аясында 4 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 413 кәмелетке толмаған жасөспірім мен 266 ата-ана ішкі істер органдарының есебіне қойылды. 1 532 баланың құжатсыз, туысқандарының үйінде тәрбиеленіп жүргені анықталды.
Бұдан бөлек, менің тапсырмам бойынша барлық аудан-қала прокуратураларының қызметкерлері әр ай сайын мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарымен кездесіп, қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл – науқандық шара емес. Балаларды теріс әрекеттерден қорғау мақсатында олардың құқықтық сауатын арттыру, түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде өтетінін айта кеткеніміз жөн. Мұнан өзге, уәкілетті органдармен бірге кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, оларға жасалған құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, олардың пайдасына алимент өндіру бағытында атқарылған жұмыстардың сапасы мен тиімділігіне байланысты Үйлестіру кеңесі өткізіліп, оның қорытындысы бойынша құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар прокуратура басшылығының қатаң бақылауында екенін айтқым келеді.
– Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғауға жіті көңіл бөліп келеді. Бұл бағытта қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?
– Мемлекет басшысы әрбір маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді прокуратура органдарына тапсырды. Сөйтіп, инвестициялық жобаларды құқықтық қолдау прокуратураның негізі міндеті ретінде белгіленді.
Таяуда біздің бастамамызбен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандарының, ірі кәсіпкерлер мен инвесторлардың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде өңірдегі бизнестің бүгінгі ахуалы, облысқа тартылған инвестициялық жобалардың жай-күйі талқыланды. Жалпы, облыста 300-ден астам түрлі инвестжоба жүзеге асырылып жатса, оның ішіндегі маңызды деген 27 жобаға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Мәселен, «Экоинвест» компаниясы Сайрам ауданында құны 12,8 млрд. теңгені құрайтын жылыжай кешенін салуды қолға алып жатыр. Біз олармен бірлесіп, қажетті электр қуатының көлемін ұлғайтып бердік. Жалпы, облыс құрылғалы бері прокурорлардың қатысуымен 25 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.
Тағы бір айта кетерлігі, жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілерге қатысты қозғалған 300-ден аса әкімшілік істердің күші жойылса, мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген заңсыз тексерудің 7 фактісі анықталып, 948 заңсыз тексерудің алдын алдық.
– Облысқа прокурор болып келгеніңізге жарты жылдан асып барады. Қызметіңізге кіріскелі бері прокуратура жұмысын жандандыру үшін қандай жаңашылдықтарды қолға алдыңыз?
– Мемлекет басшысы ел аумағынан шығарылған заңсыз активтерді қайтаруды прокуратураға жүктегенін білесіз. Облыстық прокуратура тарапынан бұл бағытта біршама жұмыстар атқарылды. Зерделеп көргенімізде, өңіріміздегі олигополиялық топтардың құнарлы жерлерге аса қызығушылық танытатыны анықталды. Яғни жер телімдері аукционсыз, конкурссыз немесе уәкілетті органдардың заңсыз шешімімен олигополиялық топтардың меншігіне өтіп кеткен.
 Прокурорлық қадағалау шаралары негізінде кадастрлық құны 647,2 млн. теңгені құрайтын 288 га жер учаскесі, оның ішінде «Сарыағаш» курорттық аймағындағы гольф клубының құрылысы жүргізілген 90,94 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.
– Сіздің бұған дейін Бас прокуратураның кадрларды дамыту департаментін басқарғаныңызды білеміз. Айтыңызшы, қадағалау органына қызметкерлер қалай таңдалады? Прокурор болуға ынталылар көп пе?
– Прокуратура сапында қызмет етуге қызығушылар аз емес. Өте жауапты міндет жүктелгендіктен, прокуратура құрамына кез келген үміткердің қабылдана бермейтіні түсінікті. Соның ішінде жоғары оқу орнын үздік бітірген, арнайы іріктеуден сүрінбей өткен, академияда білімін жетілдірген үміткерлер прокуратура органдарына қызметке кіре алады. Прокурор болуды мақсат еткен жандар үшін бірнеше іріктеу сатысы белгіленген. Ең негізгі талап – республика азаматтығының болуы, 35 жастан аспауы, жоғары заңгерлік білімінің болуы міндет. Үміткерлер алдымен құжаттарын тапсырып, кейін прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелерінде әңгімелесуден өтеді. Сондай-ақ, болашақ прокурорлар әскери дәрігерлік комиссиядан, полиграфологиялық зерттеуден өтетінін еске салғанымыз жөн. Осы кезеңдерден мүдірмей өткендер құқық қорғау органдары академиясына емтихан тапсырып, біліктілігін дәлелдейді.
– Прокуратура қызметкерлерінің алда тұрған міндеттері туралы да айта кетсеңіз.
– Келер жылдан бастап мемлекетіміздің одан әрі дамуына жол ашатын маңызды заңдар өз күшіне енеді. Осы бағыттағы біздің міндетіміз – жаңа заңдардың өз деңгейінде орындалуына прокурорлық қадағалау жүргізу. Сонымен қатар, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалаймыз. Әріптестерімнің осы жолда заңсыздықтарға жол бермей, мемлекет мүддесін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жолында аянбай адал еңбек етіп, абырой биігінен көрінетіндеріне сенім білдіремін!
– Әңгімеңізге рахмет! Заңдылықты сақтау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
 
Әңгімелескен Д.ТҰРСЫНҰЛЫ

Алдыңғы мақала

Балалар құқығын қорғау – басты назарда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Есірткінің қасіреті …

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Есірткінің қасіреті …

Есірткінің қасіреті ...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.