Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Воскресенье, 10 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы

ais_media ais_media
20.01.2024
Қоғам
0
Әйел – отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Таяуда сұлу Көкшенің төрінде, Оқжетпестің аясында, Бурабайдың  баурайында «AMANAT» партиясының  әйелдер қанатының белсенділері бас қосты. Мақсат – әйелдердің  қай салада болмасын еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысуын арттыру. Әйелдер қанатының жұмысын ілгерілету үшін 10 бағыт белгіленді. 
Мемлекет басшысы жариялаған әлеуметтік әділдіктің басты ұстыны –  ана мен балаға қамқорлық екені белгілі. «AMANAT»-тың әйелдер қанаты әлеуметтік мемлекет құруға үн қататын, әрбір қазақстандық отбасының бақытты өмір сүруіне үлес қосатын байыпты ұйым болғалы тұр.
Партия белгілеген он бағыт ең әуелі отбасы ұйытқысы болып отырған әйелдердің тұрмыс сапасын жақсартуды көздейді. Бұл бағытта қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін нақтылы шешімдер әзірленеді. Әйелдердің  өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып, кәсіпкерлік бастамаларын қолдауда тиімді жобалар қолға алынбақ. Көп балалы отбасыларды қолдаудың тың жобалары әзірленеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тамырына балта шабуда қоғаммен кері байланыс орнатылады. Әйел көшбасшылардың жаңа буыны осылайша қалыптаспақ.
Әйелдер қанатының І отырысы өте мазмұнды өтті. Партиялық алаңда мәністі ойлар, мағыналы ұсыныстар айтылды. Президент айтқан ұлттың жаңа сапасы қазақ әйелінен бастау алатынына тағы да бір көзіміз жетті. Бағасын білгенге қазақ әйелі – патшайым, бағаламайтындар үшін – жай ғана дәрменсіз тіршілік иесі. Қырық шырақты әйелдер қоғамда ерлерден кем еңбек етіп жатқан жоқ. Табиғатынан көркем, ақылды әйелдеріміздің ел тұрмысын жақсартуға да қосар үлесі өлшеусіз деп білемін.
Әйелдер қанатының  өңірдегі сәйкес кеңесшісі ретінде  алдағы жұмыс жоспарымның жай-жапсарына тоқталғым келеді.  Бірінші кезекте өңірдегі белсенді әйелдерді біліміне, қызметіне қарай іріктеп, аталған 10 бағытқа бекітіп, эксперттік топ құрдық. Эксперттік топ аудан, қалалардан сайланған депутат әйелдерге
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында методикалық көмектер көрсетеді, өзекті мәселерді жинақтап, оны шешу жолдарын қарастырады.
Түркістан өңірі – ел демографиясына үлкен үлес қосып отырған облыс. Мұнда 177 мыңнан аса көп балалы аналар тұрады. Түркістан облысының аналары дүниеге сәби де әкеледі, қызмет те жасайды, кәсіпкерлікпен де айналысады, бір сөзбен айтқанда, әмбебап, өмірге икемді, бейімделгіш. Облыс көлемінде 155 мың кәсіпкер болса, оның 32%-ы немесе 48 мыңға жуығы әйел.
Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша 506 кеңес берілді; 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында биыл Түркістан облысы бойынша жалпы 330 кәсіпкер 22,799 млрд. теңгеге, соның ішінде 135 кәсіпкер  әйел 6,158 млрд. теңгеге қаржыландырылды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 2022 жылы 712 кәсіпкер әйелдің, 2023 жылы 166 кәсіпкер әйелдің банктен алған несиелері субсидияландырылды. Партия филиалы жанынан құрылған кеңеспен бірлесіп «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы қолға алынған  жұмыстар одан әрі жалғасады.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты» жобаларының тиімділігіне тоқталды. Облыста «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 18,9 млрд. теңгені құрайтын 3143 өтінім мақұлданып, 14,7 миллиард теңгені құрайтын 2 474 жоба қаржыландырылды. Оның 592 өтінімге арналған 3,3 млрд. теңгесі әйел кәсіпкерлерге тиесілі. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылдарды сегментке бөліп, қай елді мекен қандай кәсіпке ыңғайлы екендігі анықталуы тиіс, бұл бағытпен кәсіпкер мәслихат депутаттары   айналысады, ал, ғылым мен білім бағыты бойынша облыстағы  ғылыммен айналысатын әйелдердің базасын эксперттік топпен бірлесе әзірлеп, заңнамаларға қажетті өзгерістер бойынша ұсыныстар дайындайтын боламыз. Еңбекті қорғау және өндірістегі әйелдердің  қауіпсіздігі бағыты бойынша Түлкібас әк зауытының директоры, аудандық мәслихат депутаты  Перизат Абдыбекова  мәселе көтеріп үлгерді. Сонымен қатар, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың  алдын алуға көмектесуге бүкіл ауылдардағы белсенді партияластарымыз, дәрігерлер, ұстаздар қауымы жұмылдырылады. Бұл тұста жұмысты партия филиалы жанындағы  кеңеспен бірлесіп атқару өз тиімділігін береді. Қоғамдағы ең өзекті проблемалардың бірі – мүгедек жандары бар отбасылардың шешілмеген мәселелері. Әйелдер қанатының бір бағыты инклюзивті қоғамның дамуына жәрдемдесу болса, облыстық Әйелдер қанатының алғашқы отырысынан кейін инклюзивті қоғам құру туралы көптеген ұсыныстар келіп түсті. Бұл жөнінде өтініш жасаған ынталы әйелдермен облыстық партия филиалында кездесу өткізіп, жұмыс берушілерге тиісті талаптар қойылды.
Облыстық мәслихаттағы 46 депутаттың 6-уы, яғни 13 пайызы әйелдер. Ал, облыстағы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 338 мандаттың 22-сін немесе 6,5 пайызын әйелдер иеленген.
Әйелдердің бағына қарай соңғы саяси реформалардың нәтижесінде депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдер мен жастар және мүгедектігі бар жандар құрауы тиіс деген талап енгізілді. Партия бізге мандат алып берді, енді біз партия беделін одан әрі көтеру үшін жұмыс істеуіміз керек. Әйел тек отбасының ұйытқысы, берекесі ғана емес, қоғамның да ұйытқысы. Аты аңызға айналған Домалақ ана, Ұлпан ана, Бопай ана, Ұмай аналарымыз қазіргі қыз-келіншектерге үлгі. Әйел  әрдайым  сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай тер төге береді. Бұл жолда атқарылатын жұмыстың тері ащы болғанымен, жемісі тәтті болады.
 Бізге  Мемлекет басшысы да, «AMANAT»  партиясы да елге қызмет атқаруымызға мүмкіндік беріп те отыр, қолдап та отыр. Ендеше, Әйелдер қанаты қанатын кеңге жая түседі деп үміттенуге әбден болады.
Қ.ЖАНТӨРЕЕВА,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы әйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстың құрметті азаматы.
Алдыңғы мақала

Экстремизм мен терроризмге ұлт руханияты ғана қарсы тұра алады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жемқорлардың тізімі арнайы сайтта жарияланады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Жемқорлардың тізімі арнайы сайтта жарияланады

Жемқорлардың тізімі арнайы сайтта жарияланады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.