ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР ҚАНДАЙ? — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Пятница, 12 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТТАР ҚАНДАЙ?

ais_media ais_media
20.01.2024
Қоғам
0
Құқықтық санаң мен мәдениетіңді арттыр
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу

Қазақстандағы адам құқығын қорғаумен айналысатын мемлекеттік институттар:

  1. ҚР Парламенті;
  2. Адам құқықтары жөніндегі комиссия;
  3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
  4. Құқық қорғау органдары.
    Мемлекеттің құқық қорғау функциясы заң шығару, құқық қорғау нысандарында, сондай-ақ ұйымдастырушылық нысандарда жүзеге асырылады. Заңның көмегімен мемлекет адамдардың саналы мінез-құлқына әсер етіп, оларды заңды мінез-құлыққа итермелейді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігінде Парламент маңызды рөл атқарады. Парламенттің басты фукциясы – мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақтылықты сақтау, олардың бірлесіп өмір сүруіне және қызметіне оңтайлы әсер ететін мінез-құлық ережелерін қалыптастыру. ҚР Парламенті адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жаңа заңдарды қабылдау, құқықтар мен бостандықтар туралы Конституциялық-құқықтық нормалардың ағымдағы заңнамаларын нақтылаумен айналысады. Сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғау мақсатында қолданыстағы актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

Адам құқығы мен бостандығын, жалпы адам өмірін бәрінен жоғары қоятын халықпыз. Бұл ҚР Конституциясында тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Қазақстан азаматтары мен азаматшаларының құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі мемлекеттік билік өкілдері тарапынан қолға алынды. Осыған байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетігінің маңызды элементі – адам құқықтарының әртүрлі мемлекеттік органдар арқылы қорғалуы. Көрсетілген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті басқару органдары құрылады. Өз кезегінде адам құқығын қорғайтын институттарға және олардың атқаратын функциясына, қоғамдағы маңызына тоқтала кеткен оң болмақ.
Адам құқықтары жөніндегі Комиссия – ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Бұл адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың соттан тыс органдарына жатады. Ережеге сәйкес, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі оның конституциялық өкілеттіктерін іске асыруға жәрдемдесетін кеңесші және консультативтік орган болып табылады. Бұл органның негізгі мақсаты – мемлекеттегі адам құқықтарының қаншалықты сақталып жатқанына баға беру және Президентті өз тұжырымдарынан хабардар ету. Бұл органның негізгі міндеті – ҚР Президентінің өкілеттіктерін адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде іске асыруға жәрдемдесу. Өз өкілеттіктерін іске асыру кезінде Комиссияның
• мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті кез келген материалдарды, құжаттарды сұратуға;
• адам құқықтарын жаппай не өрескел бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік мекемелердің жұмысына тексеру жүргізуге;
• Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кез келген лауазымды адамдардан түсініктемелер алуға құқығы бар. Комиссия өз қызметінің нәтижелері бойынша адам құқықтарының сақталуы туралы жыл сайынғы баяндамаларды жасайды және оларды ҚР Президентіне жібереді. Сонымен қатар талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар мен ұсынымдар қабылданады, олар осы мәселені шешу құзыретіне кіретін тиісті заңнамалық, атқарушы, сот және өзге де органдарға жіберіледі. Қажет болған жағдайда бұл туралы ақпарат ҚР Президентінің назарына жеткізіледі. Комиссия жұмысында елдегі адам құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ осы құқықтарға нұқсан келтіру фактілері туралы мәселелер маңызды орын алады.
Бірқатар елдерде адам құқықтарын қорғаудың маңызды элементі, тетігі ретінде – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл немесе омбудсмен әрекет етеді. Бұл институт оның азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды орнатуға, азамат пен мемлекет арасындағы байланысты сақтауға, қоғамдық және жеке мүдделердің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Негізінде омбудсмен мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы делдал болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2002 жылы 19 қыркүйекте ҚР Президент жарлығымен құрылған. Басты функциясы – азаматтардың бұзылған құқығын қалпына келтіру, бостандықтарын және қауіпсіздігін сақтау шараларын қабылдау. ҚР-да Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзге де қызметтерін қамтамасыз ету мақсатында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық құрылды. Орталықтың негізгі міндеті – адам құқықтарының сақталуы мен бақылауына жәрдемдесу, уәкіл қызметін қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғауға арналған ҚР заңдарын жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық пен құқықтық ағарту ісіне өз үлесін қосу.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық-құқықтық тетігінде құқық қорғау органдары маңызды рөл атқарады. Дәл осы органдар Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін арнайы құрылған. Кез келген мемлекеттік орган қызметінің құрылымында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері маңызды орын алатынына қарамастан, олар мемлекеттің көптеген органдарының негізгі функциялары болып саналмайды. Сондықтан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың ерекше маңыздылығын ескере отырып, аталған міндеттерді шешуге тікелей маманданған құқық қорғау органдарын құру қажеттілігі туындаған. Айта кету керек, “қорғау” термині көптеген жағдайларда “күзет” терминімен синоним болып табылады, өйткені ішкі заңдарда бұл екі термин де белгіленген құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету мен сақтау үшін қолданылады. ҚР-дағы құқық қорғау қызметінің негізгі мазмұны:

  • құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
  • құқық бұзушылықтарды қадағалау мен бостандықтарды қорғау;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
  • қылмыстармен және өзге де құқық бұзушылықтармен күрес;
  • барлық адресаттардың құқықтық нұсқамаларды сақтауын бақылау.
    Айта кету керек, қылмыстарды анықтау және тергеу құзыретіне кіретін оннан астам органдар бар: ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппараттары, қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізетін мемлекеттік мекемелер және басқалар.
    Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және іске асыруға тікелей қатысатын мемлекеттік органдардың барлығының мақсаты мен міндеті ортақ. Сонымен қатар олар үйлесімді жүйені құрайды. Бұл кез келген құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететін себептерді жою бойынша шаралар қабылдауға, профилактикалық жұмыс жүргізуге, халықтың құқықтық сауатын арттыруға, мәдениетін қалыптастыруға, тәрбиелік іс-шаралармен айналысуға бағытталған.

Осы мақсатта мемлекетте нақты міндеттерді шешуге мамандандырылған құқық қорғау органдары жүйелі түрде жұмыс істейді және бір-бірімен байланыс орнатқан. Оларға сотпен қатар прокуратура органдары, Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы, Кеден комитеті, әділет органдары, нотариат, АХАЖ, Қорғаныс министрлігінің Шекара әскерлері мен әскери барлауы, ҚР Президентінің Күзет қызметі, кеден және қаржы полициясы, адвокатура жатады.

Алдыңғы мақала

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БАЛАҒА ҚАТЫГЕЗДІК ТАНЫТУ – МЕЙІРІМСІЗ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕГЕНМЕН ТЕҢ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
БАЛАҒА ҚАТЫГЕЗДІК ТАНЫТУ – МЕЙІРІМСІЗ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕГЕНМЕН ТЕҢ

БАЛАҒА ҚАТЫГЕЗДІК ТАНЫТУ – МЕЙІРІМСІЗ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕГЕНМЕН ТЕҢ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.