Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлері және ТМС-нің арасында «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Абуова Нұржахан Ермағаметқызы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжыырымдамасының талаптары мен ISO 37001 стандартын немесе ҚР СТ 3049 енгізу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты әрбір мемлекеттік органның, оның басшысының және қызметшілердің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу басым бағыт болып табылады.
Семинарда сыбайлас жемқорлық және оның мемлекет пен қоғам үшін салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралары және т.б. сияқты өзекті мәселелер қаралды.