Арыс ауданының полициясы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Бүгінгі бала-ертеңгі ана» атты студент қыздар арасында семинар тренинг өткізілді.
Шараның мақсаты — құқықбұзушылық, ерте жүктілік, зорлық — зомбылық пен әлімжеттіктің және өз — өзіне қол салу фактілерінің алдын алу.
Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша полиция инспекторы Айжан Мырзахметова баяндама жасап, жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, жыныстық қатынасқа саналы көзқарас, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу, жақсы әке мен ана болуға дайындау қажеттігін айта келе, жас оқушы ертең ата-ана болады, тек өз бойларында жақсылық пен жамандықты ажырата алуға, өмірдегі шындыққа саналы жауапкершілікпен қарайтын, өз-өздерін танып, дамытатын тұлға болуға тәрбиелеу жан жақты бірлесіп жұмыс жүргізуді талап ететіндігін баса айтты. Кездесу соңында студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, осы тақырып бойынша пікірлер ұсыныстар айтылды.