Қазіргі дамыған технология заманында айтылған ақпарат отыз рулы ел былай тұрсын тұтас Қазақстанды шарлап, әлемді әбігерге салады. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерінде жас та, кәрі де елде не болып жатқанын күндіз-түні аса қырағылықпен бақылап отыратыны рас.
Әлеуметтік желілердің қолданушылары қарапайым адамдармен қатар мемлекет, саяси қайраткерлер, шоу-бизнес өкілдері мен әртүрлі саланың мамандары. Бұқаралық ақпарат құралдары халық алдында жүрген белсенділер мен қоғам қайраткерлері, шенеуніктердің әлеуметтік желілерде жариялаған мәлімдемелеріне жиі сілтеме жасайды. Бұрын тек ойын-сауық құралы ретінде қабылданған әлеуметтік желілердің қазіргі таңда мәртебесі мен әлеуетінің өскенін байқауға болады. Тіпті жалған ақпарат таратқандарды сот тарапына дейін жеткізіп, жаза қолдануда. Әрине, бұл тұрғыда оқырман да сауатсыздықтың, ақпараттың жалған-растығын ажырата алмағаннан опық жейді.
Осы орайда, Түркістан облысының полицейлері Кентау қаласы Қ.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде полицей Нұрлан Байманов бұл іс – әрекеттің қоғамға жат қылық екендігін айта келіп, Терроризм актісі туралы хабарлай отырып сіз қоғамның қауіпсіздігіне қол сұғасыз, ұйымның күнделікті жұмысын бұзасыз, құқық қорғау органдарының күштер мен кұралдарының көбін алаңдатасыз, азаматтарға залал келтіресіз –деп мысалдар көрсету арқылы бұл әрекеттің қаншалықты зиянды екендігін ашып көрсетті.
Сонымен қатар көрінеу жалған хабарламаның соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.