Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімшілігінің мәжіліс залында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары және белсенді кәсіпкер жастармен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» — тақырыбында кездесуге аудандық — ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, әдіскер, теолог маманы А.Данияров, аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ — нің басшысы Б.Қалдарбеков, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов: Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда. Өздеріңіздей білімді, саналы, дарынды жастарымыз барда мемлекетіміздің келешегі кемел болары сөзсіз. Бүгінде сүйікті қаламыз — Шардара жастардың мекеніне айналып келеді. Мемлекеттің қолдауының арқасында қаламыз ғана емес, еліміздің абыройын әлемге танытып жүрген өрендеріміз жетерлік. Біз жастар тарапынан айтылған әрбір жаңашыл идея мен тың ұсынысқа қолдау білдіруге дайынбыз. Жастардың өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін талқылап, əрдайым белсенді жастарға қолдау көрсетіп, маргиналды жастарды қоғамдық ортаға тартуға жағдай жасау қажеттілігін айтты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Олардың рухани санасын оятуда діннің алар орны ерекше. Ұлттың бүгіні мен келешегі — білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Қазіргі жастардың дінге деген қызығушылығы мен бетбұрысы өте жоғары деңгейде және жылдам жүруде.
Қазіргі таңда жастарымыздың жат ағамдардың арбауына түсіп қалмауы үшін жастарымыздың діни сауаттылығын арттыру керектігін, әлеуметтік желілерде тыйым салынған уағыздардан сақтануын түсіндіре келе тұрғындарға ҚМДБ — ның сайттарынан мәлімет алуға болатынын ескертті. Сонымен қатар, халқымыздың салт — дәстүрлері, әдет — ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.
Шардара аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі С.Естаев: Мемлекет Басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс — қимыл кезеңде», — атты Жолдауында полиция қызметін сервистік модельге көшіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғы шарттарын айтқан болатын. Осы негізде Шардара ауданында сервистік модельге көшу мақсатында «Шардара аудан әкімдігінің 18 қаңтар 2023 жылғы №2-9 Ө өкімімен Шардара ауданы әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведмоствоаралық топ құру туралы» жұмысшы топ құрылғанынын атап өтті.