Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»АРЫСТА ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ 3 САЯБАҚТА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ
Аймақ

АРЫСТА ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ 3 САЯБАҚТА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

01.06.2024
1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күні. Бүлдіршіндердің асыға күтетін мерекесі Арыс қаласында үш саябақта, және ерекше балаларға арналған орталықтарда ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті. Бұл күні қалада қоғамдық көліктер 18 жасқа дейінгі балалар үшін тегін қызмет көрсетті. Сондай-ақ демеушілер есебінен балалар қаладағы саябақтарда батуттар, аттракциондар мен карусельдерде тегін ойнады. Қалалық Мәдениет үйінде Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздардың қатысуымен «Балдәурен 2024» ән байқауы ұйымдастырылды.
Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова айтулы күнді арыстықтармен бірге ерекше түрде өзіндік сән-салтанатымен атап өтті. «Бақытты балалық үшін» республикалық акциясы аясында өткен мереке ең алдымен Орталық Әл-Фараби алаңынан бастау алды. Мұнда мектеп қабырғасында оқитын өнерлі өрендер сахна төрінде өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мұнда жергілікті мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер бірлесіп, арнайы балақайлар үшін алып ойын аттракционын алдырған. Сондай-ақ 500 балаға тегін балмұздақ таратып, мерекеге атсалысты. Ал мәдениет үйі және мектеп өнерпаздары жиналған көрермендерге концерттік бағдарламалар ұсынды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар мен түрлі қызықты ойындар ойнатылып, сайыс жеңімпаздары марапатталды.
Қала көлемінде өткен мерекелік шараларға арнайы қатысқан қала әкімі Гүлжан Құрманбекова орталық алаңда балалардың өнерін тамашалап, бүлдіршіндерге ақ тілегін арнады. Ынтымағы жарасқан аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бүгінгі шараға ұйытқы болған теміржолшылар мен ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

11.09.2026

В Шымкенте молодежи рассказали о семейных ценностях

11.09.2026

Шымкентте жастардың киберқауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

11.09.2026

В Шымкенте усиливают работу по формированию кибериммунитета молодежи

11.09.2026

Отбасы – ұлттық тәрбиенің бастауы

11.09.2026

Семья – начало национального воспитания

11.09.2026

Қалада қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінуде

11.09.2026

В городе особое внимание уделяется защите окружающей среды

11.09.2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗІЛДІ

11.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.