Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аймақ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

17.07.2024
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант қарапайым азаматтарға, әлеуметтік осал топтағы жандарға көптеген мүмкіндіктер тудырып жатқаны анық. Бұл жоба аясында соңғы жылдары Қазығұрт ауданында жаңа бизнесін бастағандардың саны жыл санап артып келеді. Дегенмен, қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, мемлекет тарапынан берілген қаржыны мақсатсыз жұмсап жүрген жандар да жоқ емес. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында, 2023 жылы грант иегерлері атанып қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге мемлекеттен көмек алған кәсіпкерлердің жұмысын көру үшін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов арнайы іссапармен Қызылқия ауыл округіне барды.
Жұмыс сапары барысында грант иегері, ІІІ топ мүгедек санатындағы жеке кәсіпкер Нұрлан Қосақбаевтың «Ерекше балаларды түзету» кабинетінде болып, жұмыс барысын бақылады. Қазіргі таңда, телефонның және әртүрлі факторлардың әсерінен тілі мен сезім жүйелері кеш дамып жатқан балаларға әртүрлі емдік көмек көрсетіп жүрген кәсіпкер бұл бағыттағы жұмысын әрі қарай дамытып, бірнеше адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.
Келесі кезекте Атажұрт елді мекенінің тұрғыны, ІІ топ мүгедек санатындағы жеке кәсіпкер Пулат Худайбердиевтің «Бал ара» шаруашылығына барып, бал өндіру жұмыстарын көрді. Атаулы кәсіпкер, қазіргі таңда 30 жәшік ара ұясын баптап, барлығынан таза бал өнімін өндірумен айналысып отырғанын, сонымен қатар болашақта ара санын көбейтуді, бал арасын сатуды қолға алу жоспарда бар екенін жеткізді.
Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы кәсіп түбі – береке екенін айтып, екі кәсіпкердің жұмысына оң баға беріп, мемлекет тарапынан берілетін көмектерді көрсетуге дайын екенін айтты.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.