Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ
    Аймақ

    КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАРДЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

    17.07.2024
    Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың жұмысымен танысу және оларды қолдау мақсатында арнайы Қазығұрт ауыл округінде орналасқан 2 кәсіпкерлік нысанға барды. Оның бірі Пернекүл Исакованың «AISARA» авто ательесі болса, екіншісі Сапаркүл Сайлауқызының «Тігін техникасын дамыту» орталығы.
    Қос кәсіпкер де 2023 жылы жаңа бизнес-идеяға берілетін 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грантты иемденіп, кәсібін бастаған.
    Қазіргі таңда бірі автокөліктердің ішкі бөлігіне арналған заттар тігумен айналысса, екіншісі түрлі заманауи киім-кешектер мен ауданымыздың бишілер тобына арнайы костюмдер тігуді қолға алған. Бұл кәсіпкерлердің қолынан шыққан бұйымдарға сұраныстар өте жоғары.
    Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы грант иегерлерінің жұмысын көріп, оң баға берді. Сондай-ақ, арнайы сұхбат құрып, кәсіпкерлікті қолдайтынын жеткізді. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді айта келіп, заң аясында кез келген көмектерді көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
    Өз кезегінде кәсіп иелері де мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай мүмкіндіктердің барына ризашылықтарын білдіріп, халық атынан алғысын айтты. Сонымен қатар, мұндай жобалар жұмыссыздықты төмендетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартатынын тілге тиек етті. Алдағы жоспарларымен бөлісіп, ауданымыздың экономикалық дамуына үлес қосатындықтарын жеткізді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026

    «Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

    26.08.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

    14.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.