Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17.07.2024
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында жиһаз өндірісі салалық кеңесінің отырысы өтті. Түркістандық жиһаз өндіруші кәсіпкерлердің басқосуында шетелдік көрмелерге қатысу кезіндегі шығындардың өтелуі, «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесі және «Show room» жобасы тақырыбындағы мәселелер талқыланды.
Жиһаз өнеркәсібіне инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Өткен жылы осы өңірдің жиһаз өнеркәсібіне 13,2 млрд теңге инвестиция салынып, республикалық көрсеткіштің 76,8 пайызын құрады.
Облыс аумағындағы кәсіпкерлердің шетелдік көрмелерге қатысуға кететін шығыны шамамен 20-30 млн. теңге екенін ескерсек, бұл тек ірі кәсіпорындарға ғана қолжетімді болып отыр. Кәсіпкерлер өз өнімін шетелдік көрмеге шығарғысы келгенімен, қомақты қаржы шығару артық шығын. Сондықтан да шағын жиһаз өндірушілер шетелдік көрмеге қатысу үшін берілетін қаржы алдын ала берілу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, кездесуде «Expo Mebel Astana» жиһаз, фурнитура, қаптама материалдары мен жабдықтар көрмесіне қатысу бойынша ақпараттандыру жүргізілді. Көрме биыл 14-16 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді. Жиынға «ZOOM» платформасы арқылы онлайн қатысқан көрменің негізгі ұйымдастырушысы «Kaziron Trade» ЖШС-ң көрмеге жауапты маманы Мақпал Аубакирова толыққанды ақпаратпен бөлісті. Жиында жиһаз өндірісіндегі кәсіпорындарға арналған «Show room» жобасы бойынша ұсыныс айтылды. Бұл дегеніміз — қаладағы барлық жиһаз өндіруші кәсіпорындардың сатылым дүкенін бір жерге тоғыстыру.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.