Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ
    Аймақ

    ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ӨНІМ ӨНДІРУДЕ

    18.07.2024
    Кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының өсуіне, сол арқылы халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етеді. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан бастап «капитализм» бағытын ұстанып, жеке кәсіпкерлік өте қарқынды дамып келеді. Сол арқылы отандық өнімдер пайда болып, ел экономикасы нығая түсуде. Бұл бағытта шағын және орта кәсіпкерлікті бастаушыларға, ірі кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдаулар да орасан.
    Қазығұрт ауданы Түркістан өңіріне аграрлы бағытты ұстанған аудан ретінде танылып кеткен. Дегенмен, соңғы жылдары Қазығұрттың кәсіпкерлік бағыты да қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған aisnews.kz. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдауларды ұтымды пайдаланып жүрген қазығұрттық кәсіпкерлер әртүрлі бағытта өнімдер шығарып жатыр. Соның бірі, Тұрбат ауыл округінде орналасқа ИП “Баходир” Safir Paint” кәсіпорыны.
    Бұл кәсіпорын заманға сай құрылысқа қажетті заттар шығаруды қолға алған. Атап айтқанда, төселген тастар (брусчатка), көбік (пенопласт), сұйық травертин, бояу (эмульсия), термопанель-полифасад, архитектуралық декорлар жасаумен айналысады. Мұндай заманауи құрылыс заттарының кейбірі облыс бойынша тек Қазығұрт ауданында ИП “Баходир” Safir Paint” кәсіпорынында ғана өндіріледі. Атаулы өндіріс орынында 45 жұмысшы тұрақты, 20 жұмысшы жалдамалы тәртіппен жұмыс жасайды. Жылына 100,0 мың кв метр – брусчатка, 10,0 мың шелек (25кг) – травертин, 5,0 мың шелек (20кг) – бояу (эмульсия), 20,0 мың кв метр – архитектуралық декор, 25,0 мың куб метр – көбік (пенопласт), 40,0 мың кв метр – термопанель-полифасад өндіруге қауқарлы.
    Атаулы кәсіпорынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы іс-сапармен барып, жұмысымен танысты. Өндіріс орынын аралап, жасап жатқан тауарларының түрлерін көріп, оң бағасын берді. Кәсіпорын иесімен кездесіп, жұмыс барысын талқылады. Кәсіпкер өз кезегінде өндіріс орынын кеңейтуді көздеп отырғанын айтып, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Аудан әкімі Азизхан Азимханұлы кәсіпкердің жоспарын мақұлдап, жан-жақты қолдауға дайын екенін жеткізді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.