Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ОРДАБАСЫДА АЛТЫ АЙДА ҮШ ІРІ ИНВЕСТ-ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 500-ДЕН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
    Аймақ

    ОРДАБАСЫДА АЛТЫ АЙДА ҮШ ІРІ ИНВЕСТ-ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 500-ДЕН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

    19.07.2024
    Ордабасы ауданында 2024 жылдың 6 ай ішінде 3 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын бұл өнеркәсіп орталықтарында 533 жаңа жұмыс орны ашылған. Аудан эконономикасына айтарлықтай үлес қосуға қауқарлы жобалар қатарында «JNRAY Group» компаниясының тігін фабрикасы, «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасы мен «Бөрте милка» компаниясының сауын сиыр басын 400 басқа, сүт зауытының қуаттылығын тәулігіне 10 тоннаға ұлғайту жобалары бар. Бадам елді мекенінде биыл сәуір айында ашылған «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана өнім алуға қауқарлы. Жалпы құны — 1 миллиард 300 миллион теңге. Бүгінде фабрика өнімдері облыс көлемінде ғана емес, республикаға да танылып үлгерген.
    Ал, Ресей және Италия елдерімен бірлесіп қолға алынған «Borte Engineering» компаниясының тамақ өнеркәсібіне арналған өндірістік техникалық жабдықтар шығару фабрикасының өнімдері алыс-жақын шетелдерге экспортталуда. 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған нысанның жалпы құны — 1 млрд. 100 млн теңге.
    Бұдан бөлек, 2024 жылдың соңына дейін құны 6,9 млрд. теңгеге, 354 жаңа жұмыс орнымен 7 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Олар: 1) «Central Asia Aluminum» компаниясы алюминий бұйымдарын өндіру жобасы; 2) «Dala Construction.kz» компаниясының қабырғаларға, еденге және төбеге арналған жылу оқшаулағыш материал (керамзит) өндіру жобасы; 3) «Anuar Company» компаниясының қыш зауыты; 4) «Батыр Бетон» компаниясының темір бетон бұйымдарын және асфальт шығару жобасы; 5) «AMG Park» компаниясының балаларға арналған ойын алаңшаларын жинау жобасы; 6)«KAZDEZGROUP» компаниясының заласыздандыру өнімдерін өндіру жобасы; 7) «Steel Frame» компаниясының металл өнімдерін өндіру жобасы.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.