ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Четверг, 21 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

ais_media ais_media
23.07.2024
Аймақ
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР
0
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде елімізде «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Жобаның басты мақсаты − ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Бағдарлама басталғалы ауыл-аймақтарда мыңдаған шаруа мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп ашып, шаруашылығын дамытты. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өткен жылғы өндірілген өнім көлемі жағынан Түркістан облысы 13,3% көрсеткішпен республикада көш бастады. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Қалданов мәлімдеді.
«2023 жылы Республикалық бюджеттен аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, жалпы 3 256 жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 3 413 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бағдарлама аясында өткен жылы шаруалар — 1 трлн 158,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында кооперативтер негізінде дамуға басымдық берілмек.
Кооперативтерге 992 миллион теңгеге 40 ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтар сатып алынды. Биыл бағдарлама аясында республикалық бюджеттен өңірге 10,6 миллиард теңге бөлініп, егін, мал, құс және балық шаруашылығына, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтауға бағыттау көзделіп отыр. Жобаның бұл жылғы ерекшелігі — кәсіпкерлердің уақытын үнемдеу мақсатында өтініштерді электронды түрде қабылдау жүйесі жұмыс іске қосылды»-деді спикер.
Ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау арқылы ауыл тұрмысын түзеу  – «Ауыл аманатының» басты міндеті. Түркістан облысы еліміз бойынша халық саны ең көп өңірлердің бірі және облыс халқының басым бөлігін ауыл тұрғындары санатына жататын әлеуметтік топ құрайды.
Сегіз жүзден астам елді мекендері бар Түркістан облысы ауылдар саны жөнінен республикада көш бастап тұр. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру – өңіріміз үшін ең әуелгі басымдық болып белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр ғана іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасымен 2029 жылға дейінгі кезеңде республика бойынша 1 миллионнан астам ауыл тұрғындарына қолдау көрсету межеленген. Жобаны іске асыруға 1 трлн. теңге бағытталып, ауыл-аймақтарда 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру көзделген.

Айта кетейік, жуырда ғана Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келген болатын. Сапар барысында ол өңірдегі аудандардағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атқарылған жұмыстармен танысып, осы жобаны жүзеге асыру жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, басқармалар мен аудан, қала басшылары, жоба жүзеге асқан ауыл округ әкімдері қатысты. Мәжілісті жүргізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Ауыл аманаты» жобасының облыс үшін маңызы жоғары екенін жеткізді.

– Өзіңізге белгілі, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Климаттық жағдайы, жұмыс күші тұрғысында ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңір болып есептеледі. Облыста 1 миллионнан астам тұрғынның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы облыс халықының табысын арттыруға оңды нәтижесін берді. Бүгінгі таңда бағдарлама есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, 3413 жаңа жұмыс орны құрылды, 75 кооператив ашылды, – деді Дархан Сатыбалды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру барысындағы оң тәжірибелер мен өзекті мәселелерге тоқталды. Жауапты басқармалар мен ауылдық округ әкімдеріне жобаны талапқа сай жүзеге асыруды тапсырды. Тек мал шаруашылығы ғана емес, өзге де салаларға басымдық беру керектігін айтты.
– Мемлекет басшысы өз қызметіне кіріскен кезде ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. 80 пайыздан астам тұрғыны ауылдарда тұратын Түркістан облысы үшін бұл бастаманың маңызы зор. «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты – біріншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, табысын молайту. Екіншіден, ауылдан жастар ірі мегаполистерге көшіп кетіп жатыр. Соларға жағдай жасап, ауылдарды аман сақтап қалу және көші-қонды реттеу көзделген. Үшіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау және отандық өнім үлесін көбейту. Ауылдағы тұрғындар өнімдерді өзі өндіру арқылы табысын молайтып қана қоймай, елімізді отандық өніммен қамтуға үлес қосады. Біз тұрғындардың кәсіппен шұғылданып, табыс табуына көмектесуге міндеттіміз. Бүгінгі кездесудің мақсаты – осы жобаның жүзеге асыру барысын талқылау және тәжірибе алмасу. Өзара кеңесіп, үздік тәжірибелерді бөлісу. Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бірқатар жобамен таныстық, ізденіс, даму бар. Әр облыстың ғана емес, әу ауданның, әр ауылдың даму жоспары болуы тиіс. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда да жаңашылдық, ізденістер қажет, – деді Ералы Тоғжанов.
Мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасын жоғары деңгейде жүзеге асырған Ақтөбе облысы, Мәртөк ауылдық округінің тәжірибесі көпшілікке баяндалса, ақтөбелік кооперативтің жетістіктері де үлгі ретінде ұсынылды.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы, ауыл тұрғындарының табысы мен әлеуметтік жағдайларының көтерілуіне ықпалын тигізді. 2023 жылы Республикалық бюджеттен бағдарламаны жүзеге асыруға 19,8 млрд. теңге бөлініп, негізгі 6 бағытты қаржыландыруға басымдылық беріліп, 3256 жоба қаржыландырылған. Жобаға пилоттық түрде 64 ауылдық округі қатысты. Нәтижесінде 3413 жаңа жұмыс орындары құрылды, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 340 адамға қысқартылды, табыс көзі орташа жалақы 20 пайызға ұлғайды, шағын кәсіпкерлер саны 2 544 бірлікке артқан. 64,2 мың бас мал басы сатып алынып, 19 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 16,4 га алқапқа 328 жылыжайлар салынған. Осы жобалар есебінен 30 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Осы көрсеткіштер негізге алынып, «Ауыл аманаты» бойынша Түркістан өңіріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту жөнінде ұсыныс берілді. Себебі, нақты іс, қозғалыс, ең бастысы, ауыл тұрғындары тарапынан қызығушылық бар. Бұл бағытта жұмыс қарқыны бәсеңдемейді.
Сонымен бірге, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Түркістан облысына арнайы жұмыс сапары барасында өңірдегі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз кәсібін бастаған азаматтардың жұмысымен танысып, кәсіпорын иелерімен тілдесті.
Ең бірінші кезекте Жаңа Иқан ауылдық округінде болып, Ибата елді мекенінде Жасур Муминовтың 240 шаршы метр жерге өсіріп отырған балық шаруашылығымен танысты. Өз кәсібін 2023 жылдың қыркүйек айындап бастап, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өз тіршілігін бастаған. Кәсіпкер 2,5 пайызбен 8,5 млн. теңге алған. Балықтың «форель» түрін өсіруде. Бүгінгі таңда төрт бассейінде балық өсіріп, 6 айда 2 тонна, жылына 4 тонна балық алуды көздеп отыр. Өзімен бірге 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін ашамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік екенін айтып, бұйыртса алдағы уақытта кәсібін үлкейтіп, бірнеше азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Бұдан соң Ескі Иқан ауылдық округіндегі наубайхана цехына ат басын бұрды. Жеке кәсіпкер Махина Муслимова 2023 жылы «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының 6-шы бағыты арқылы 7 млн. теңге алып, наубайхана жұмысын бастаған. Жолдасы Алберт Муслимовтың айтуынша «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін ашамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік, қазіргі таңда отбасымызбен нан жауып, халыққа қызмет жасап келеміз, — дейді. Наубайханада күніне 1600 дана бөлке нан шығарып, дүкендерге өткізеді. Қазіргі таңда өзінің шағын цехында кондитерлік өнімнің 10 түрін шығаруда. Аталған цехта жергілікті 10 тұрғын жұмыс жасауда. Тәтті нандарды пісіруге ең қажет шикізаттың бірі — сүт болғандықтан, кәсіп иесі оны ауыл ішіндегі сүтті бағытпен айналысатын отбасылардан сатып алады. Кондитер иесі енді цехты кеңейтіп, жұмысшы санын 20-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Ералы Лұқпанұлы Оранғай ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Сейтходжайева Нигораның 0,80 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешенінің жұмысымен де танысты. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 5 млн. теңге несие алған кәсіпкер, қазіргі таңда жылына 4 тонна қияр өнімін алады. Жылыжай кешені толықтай тамшылатып суару жүйесі арқылы жабдықталған. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында 7 млн. теңге қаражат алып, өз кәсібін жандандырып отырған жеке кәсіпкер Бахадир Исрайловтың ірі қара мал бордақылау алаңына да арнайы барып көрді. «Рустамбек» шаруа қожалығы аталмыш жоба аясында 3 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, егін шаруашылығымен айналысуда. Онда жылына 120 тонна бидай мен 100 тонна бақша өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, ауылдық округте жер жырту мен дәрілеу қызметтерін қатар атқарады.
Бабир Насиров 5 млн. теңге қаражат алып, дәнекерлеу цехын ашқан. Бүгінде өндіріс орны кеңейтіліп, цехтың аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 3000-нан астам темір есік және үстел шығаруға қауқарлы. Бүгінде 12 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. «Абдусардар» жиһазының өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Қазіргі таңда Түркістан қаласы мен Сауран ауданына өткізіледі. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды Өзбекстаннан алдыртады. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып келеді.
Алдыңғы мақала

“ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ КЕРЕК”

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН ҚОСЫМША 139 ГРАНТ БӨЛІНДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН ҚОСЫМША 139 ГРАНТ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН ҚОСЫМША 139 ГРАНТ БӨЛІНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • АЛАЯҚТАРДЫҢ АДЫМЫН АШТЫРМАДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Есірткісіз болашақ!

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.