Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН ҚОСЫМША 139 ГРАНТ БӨЛІНДІ
Аймақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН ҚОСЫМША 139 ГРАНТ БӨЛІНДІ

22.07.2024
Түркістан облысында жалпы медицина саласында 24 592 маман қызмет атқарады. Оның 5 486-сы – дәрігер, 19106-сы – орта буынды медицина қызметкері. Бүгінгі таңда, облыс көлемінде 274 бейінді дәрігерге тапшылық туындап отыр. Оның 100-ге жуығы құрылысы құрылысы жүріп жатқан 570 төсек-орындық облыстық көпбейінді ауруханаға қажет екені анықталып отыр.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірде дәрігерлерге деген тапшылықты жою мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірінде «Түркістан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» №37/391-VI шешіміне сәйкес, 2023 жылы облыс аумағындағы ауылдық жерлер үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина кадрларына деген сұранысқа ие әрі тапшы мамандықтағы 75 жас маманға 1,5 миллион теңге көлеміндегі әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланып, бүгінде 27 жас маманға әлеуметтік жәрдемақы берілген.
Маңызды шешім – Түркістан облысындағы тапшы мамандықтағы дәрігерлерді тарту мақсатында Түркістан облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысына жыл сайын грант бөлінуде. 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 60 грант бөлініп, 40 үміткер өтінім білдірген. Қазіргі таңда, 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Ал биылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 139 грант бөлініп отыр. Осы қадам арқылы акушерлер, гинекологтар, аллергологтар, иммунологтар, анестезиологтар мен реаниматологтар, нейрохирургтар, балалар хирургтары, гастроэнтерологтар және өзге де мамандар даярланады.
Айта кетейік, 2023 жылы 43 дәрігер (неонатолог, анестезиолог-реаниматолог,акушер-гинекологтар, балалар кардиохирургы мен балалар травматологы) шетелдерде біліктілігін көтерді. Мәскеуде 30 дәрігер оқыса, Санкт-Петербургте 6 дәрігер және Ыстамбұлда 7 дәрігер білімін жетілдіріп, тәжірибе жинаған.
2024 жылы Түркістан облысында шетелде тағы 32 дәрігердің (неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинекологтар, балалар травматологы, урология және кардиология) біліктілігін көтеру жоспарлануда. Сонымен қатар өңірге Израиль елінен білікті 2 оқытушы маманын шақырту арқылы 600 медицина қызметкерінің біліктілігін көтеру көзделген.
Сонымен бірге, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады. Бұл туралы жуырда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында баяндалған болатын. Облыс әкімінің орынбасары денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, кейбір нысандарда құрылыс жұмыстарын тездетіп, ғимараттардың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.
– Түркістан облысы үшін денсаулық сақтау саласын дамыту ең маңызды мәселе болып отыр. Жалпы өңірде медициналық орталықтардың жетіспеушілігі шешу маңызды. Кейбір ауылды аймақтарда денсаулық нысандарының жоқтығы анықталған. Өңірде 49 медпункттің құрылысын жүргізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда ауыл аймақтардағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақыт тығыз. Сондықтан тиісті басқармалармен құрылыс нысандарының басына барып, мердігерлермен кездесіп, іргетасын құю, құрылысқа кедергі келтіретін мәселелерді тиісті басқармалармен шұғыл анықтап, қателіктерді жойып, жұмысты ширату керек. Бірқатар аудандарда тиянақтылық бар. Кестеден кешіккен аудандарға және талапқа сай құрылыс жүргізбеген мердігерлерге шара қолданылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев.
Бүгінгі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Баққоныс, Төрткөл, Көкпарсай елді мекендерінде 3 ФАП құрылысы жүргізілуде. Одан бөлек, 27 жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен қаржысы қаралып, конкурс жарияланды. Жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзілді. Қалған нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесі өткізілуде. Аталған нысандар жыл соңынай дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.