Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1000 МВТ-ҚА ЖЕТЕТІН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 1000 МВТ-ҚА ЖЕТЕТІН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

    24.07.2024
    Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Самұрық-Қазына» «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен кездесіп, осы маңыздың жүзеге асырылу барысын талқылады.
    Өңір басшысы бұл жобаға әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.
    «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірге басқа да жобаларды талқылауға дайын екенін жеткізді.
    – Энергетикалық қауіпсіздік – маңызды мәселе. Облысымызда құрылыс басталған бу-газ қондырғысына үлкен үміт артылып отыр. Жобаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына мүдделіміз және толық қолдау көрсетеміз, – деді Дархан Сатыбалды.
    «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы бу-газ электр станциясы құрылысының қазіргі жай-күйін баяндады. Бүгінде жер жұмыстары аяқталып келеді.
    – Құрылыс барысын бақылап, көріп келдім. Жұмыс қарқынды жүруде. Қазір 300 адам болса, 2025 жылы құрылысқа 2 мыңнан аса жұмысшы тартылады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба арқылы оңтүстік аймақтағы энергия тапшылығы шешімін тауып қана қоймай, өңірді индустрияландыруға тың серпін беріледі. Елімізде баламасы жоқ маңызды жоба. Бірлесе жұмыс атқарып, бу-газ қондырғысын жоспарға сай тапсырамыз деген ойдамын, – деді Қайрат Мақсұтов.
    Айта кетейік, Мемлекет басшысының 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан облысында қуаты 1000 МВт-қа дейін бу-газ қондырғысын салу көзделген. Жоба құны болжаммен 722,7 млрд. теңге. Аталған жобаны іске асыру шеңберінде Сайрам ауданынан 60 га жер аумағы белгіленді. 2025 жылы бастапқы 185 МВт электр қуаты, ал 2026 жылдың соңында толық 1000 МВт электр қуаты өндіріледі деп көзделген.
    Жаңа жобаның құрылысы 2024 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары жүргізу барысында 2 мыңнан астам уақытша, жоба толық іске қосылғанда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.