Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАРУАЛАРҒА 50-ГЕ ЖУЫҚ ТРАКТОР МЕН КОМБАЙН КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАРУАЛАРҒА 50-ГЕ ЖУЫҚ ТРАКТОР МЕН КОМБАЙН КІЛТІ ТАПСЫРЫЛДЫ

    26.07.2024
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан өңірінде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр.
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапары аясында Ақбұлақ ауылында орналасқан «KAZ KIOTI» зауытында болып, шаруалармен кездесті. Бүгінде облыста «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Trade in» бағдарламасы қолданылып, шаруаларға ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылуда.
    Облыс әкімі шаруаларға тракторлар мен комбайндар кілттерін табыстады. Жалпы, бүгін 48 шаруа жаңа техникаға ие болды.
    – Түркістан облысысында ауыл шаруашылығы саласына «Ауыл аманаты» жобасы арқылы нақты қолдау көрсетіліп жатыр. «Trade in» бағдарламасы да тиімді жүзеге асуда. Осы қолдаулар арқылы ауыл шаруашылығы техникалары жаңаруда. Бүгін облысымыздың шаруаларымен қуанышты сәтте кездесіп тұрмыз. Жаңа техникаларрыңыз құтты болсын! Біз әрдайым өңір экономикасын дамытуға сеп беретін жобаларды қолдауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
    Техникаға ие болған шаруалар мемлекеттік қолдауға ризашылықтарын білдіріп, басшыларға алғыстарын айтты.
    Түркістан облысында «Trade in» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл ретте «KAZ KIOTI» компаниясы нақты іске кірісіп кетті. Бағдарлама арқылы шаруалардың істен шыққан ескі техникалары нарықтық бағамен бағаланып, қабылданады. Бұл – шаруаларға жаңа трактор алуға үлкен мүмкіндік. Ескі трактор мен техниканың бағаланған құны алғашқы жарна ретінде алынып, зауыттан шыққан жаңа тракторлар «Оңтүстік» АИО ЖШС және «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы лизингке төмен пайызбен рәсімделеді.
    Оңтүстік Кореяның «Daedong» компаниясымен бірге жинақталатын ауыл шаруашылық тракторларының өндіретін кәсіпорын 2015 жылы жұмысын бастаған. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асып жатыр. 5 гектар аумақта орналасқан зауыттың инвестициялық құны – 6 919,0 млн теңге. Мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт толық қуаттылығына шыққанда жылына 2000 техника жинауға мүмкіндігі болады. Өткен жылы 304 дана трактор, 6 комбайн жасап шығарса, осы жылдың 3 айында 180 дана трактор жинаған.
    Зауыт басшылығы жобаның сәтті жүзеге асатынына сенімді. Ол өндірісті одан әрі дамытуды, оның ішінде, өндірістік қуатты арттыруды, шығарылатын өнім түрлерін көбейтуді, локализациялау пайызын арттыруды жоспарлап отыр.
    Өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары жалғасады.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.