Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУЫЛЫНДА ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУЫЛЫНДА ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

26.07.2024
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген. Бұл ретте Созақ ауданында да шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлік нысандардың саны күн сайын арта түсуде. Жыл басынан бері 75 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылып, жалпы саны 4 593-ке жетті. 6853 адам шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылына барып, онда өз жұмысын жаңадан бастаған «ИП Әлібеков» жиһаз шығаратын цехының жұмыс барысымен танысты.
Еске сала кетсек, бұл жобаны жеке кәсіпкер Әлібеков Жәдігер аудан басшысымен бірге Қытай Халық Республикасына жасаған сапарында қолға алып, жаңа технологияларды игеруде тәжірибе жинақтаған. Бүгінде Қытай Халық Республикасынан жұмысқа қажетті станоктардың бірнеше түрін алдырып, өз кәсібін бастады. Жергілікті 5 азамат жұмыспен қамтылып, алдағы уақытта сұранысқа сай жұмысшылар санын артыру көзделуде.
Сонымен қатар аудан басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібін жандандырып отырған «Елжан» тігін цехында болды. Созақ ауылының тұрғыны Жәмила Айдарбекқызы жеке кәсіпкерлігі атынан «Ауыл аманаты» бағдарламасының 6-шы бағыты негізінде үй іргесінен жүн, мақта өнімдерін қайта өңдеп, қолданысқа дайындау және тігін саласын жандандыруға 5 200 000 теңге көлемінде 2,5%-дық несиеге қол жеткізген. Несиеге заманауи үлгідегі тігін құралдарын алып, нәсібін ұлғайтуда. Тігін цехында 2 адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта сұраныстың артқанын айтып, жұмысшылар санын 10-ға дейін жеткізетінін алға тартты.
Кәсіпкерлермен ашық әңгімелескен Мұхит Сексенбайұлы кәсіпке кедергі келтіретін факторларды талқылады. Талқылау барысында көтерілген мәселелер бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.