Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аймақ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

06.08.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді.⠀
Сарыағаш ауданының экономикасына инвестиция тарту мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті инвестиция штабының отырысы өтті. Жиынға жер қатынастары және ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері қатысты.
Жиында ауданға инвесторлар тарту бағытындағы атқарылатын жұмыстардың жол картасымен бекітілген жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және өзекті мәселелер талқыланды.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев салаға жауапты мекеме басшылары мен инвесторларға инвестициялық жобаларды бекітілген мерзімінде жүзеге асыруын жүктеді.
Айта кетейік, өңірімізде инвестиция тарту жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр. 2023 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 857,6 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (451 млн. АҚШ доллары) 190,1%-ға орындалды.
2024 жылға негізгі капиталға салынған инвестициялар индикаторы 1 трлн. 133,8 млрд. теңге көлемінде бекітілген. Қазіргі уақытта, бірінші тоқсанның қорытындысымен өңірге 132,2 млрд. теңге (жеке инвестициялар 116,1 млрд. теңге, бюджеттік инвестициялар 16,1 млрд. теңге) инвестиция тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 131,0%-ға артты.
Өңір басшысы басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп: «Инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу – басты бағытымыз. Бірнеше аудан, қалада қозғалыс бар, көп аудан әлі тапсырманы орындаған жоқ. Жұмысты жүйелеген жөн. Қытай мемлекетіне жасаған іссапардан нәтиже шығару керек. Тағы да іссапарлар болады, сол кезде ірі инвесторлармен келіссөз жүргізіп, нақты келісімдер жасаңыздар. Егер алдағы уақытта бұл жұмыстардан нәтиже шықпаса, әкімдердің мәселесі арнайы қаралады. Қандай салаға қандай инвестиция тартылатыны зерделеніп, жұмыс жүргізілсін. Тек әкімдіктер емес, басқармалар да өз салалары бойынша инвестициялық мүмкіндіктерін, жоспарларын ұсынсын. Мәселен, медицина, туризм, ауыл шаруашылығы, спорт салаларына инвестиция тартып, түрлі жобаларды жүзеге асыруға болады. Білім мекемелері жиһаздарының бәрін өңірден шығаруға әрекет жасалып жатыр. Инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар үздіксіз жүргізілуі қажет», деп нақтылап өткен болатын.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтің айтуынша, алдағы уақытта инвестицияның өсу қарқынын қамтамасыз ету мақсатында өңірде 2024-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 145 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылған. Жобалардың жалпы құны – 2,2 трлн. теңге, 18 263 жаңа жұмыс орны ашылады. Агроөнеркәсіп саласында – 37, өнеркәсіп саласында – 58, құрылыс саласында – 19 жоба, туризм саласы бойынша 19 жоба және өзге де салалар бойынша түрлі жобалар жоспарланған. Оның ішінде 2024 жылы жалпы құны 121,8 млрд. теңгеге 2270 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 44 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр.
Өңірге инвестиция тартуды күшейту мақсатында өткен жылы Қытай Халық Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту, өндіріс орындарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында іссапарлар ұйымдастырылды. Бірлескен инвестициялық жобалар нақтыланып, оларды жүзеге асыру жұмыстары атқарылуда. Аталған инвестициялық жобалардың есебінен өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады деп межеленген.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

08.09.2026

Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества

08.09.2026

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»

08.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

08.09.2026

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026

Қоқиқаздардың мекен ету ортасын сақтау үшін Қорғалжын қорығына 40 млн текше метр су жіберілді

07.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.