Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Жаңалықтар»ИНВЕСТЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Жаңалықтар

ИНВЕСТЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

07.08.2024

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури «Бозарық» индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Инвестициялық жобаның құны 650 миллион АҚШ долларын, оның жалпы аумағы 650 гектарды құрайды.

Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жобаның бірінші кезеңі пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, толық іске қосылғанда 5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. Өндірілген ауылшаруашылық өнімдерімен негізінен, қала тұрғындары қамтылып, тауарлар еліміздің өзге де аймақтары мен шет мемлекеттерге жөнелтілетін болады.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өсімдік шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды енгізіп, дамыту тапсырмасын іске асыру барысында бұл жобаның рөлі зор екеніне тоқталды. Әкімдік ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге қашан да дайын.

«Жобаны жүзеге асыру мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және бағаның тұрақталуына ықпал етеді», — деді қала әкімі.

Компания құрылыс уақытын қысқарту мақсатында Шымкентте жылыжай салуға арналған конструкцияларды шығаратын зауыт ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар, жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарлануда. Ауқымды жобаны жүзеге асыру жылыжай шаруашылығын дамытуға ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ

23.08.2026

“БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ”⁣⁣

23.08.2026

Голосование IT-специалистов на Курултае в Шымкенте 2026: Инновации и Будущее Технологий

23.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В СЕГОДНЯШНЕМ ГОЛОСОВАНИИ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ПРОЯВИЛИ АКТИВНОСТЬ

23.08.2026

“БҮГІНГІ САЙЛАУДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ”⁣⁣

23.08.2026

Голосование IT-специалистов на Курултае в Шымкенте 2026: Инновации и Будущее Технологий

23.08.2026

«Достық пен бірліктің символы»: Шымкент тұрғындары сайлауға қазақтың ұлттық киімдерімен келді

23.08.2026

Шымкент тұрғындары дауыс беруге әуе шарымен ұшып келді!

23.08.2026

Голосование байкеров на выборах в Курултай

23.08.2026

ФУТБОЛИСТЫ «ОРДАБАСЫ» ПРИЗВАЛИ СПОРТСМЕНОВ И БОЛЕЛЬЩИКОВ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ В ВЫБОРАХ

23.08.2026

«ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛШЫЛАРЫ СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІ САЙЛАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

23.08.2026

Гвардейцы РгК «Оңтүстік» досрочно завершили голосование

23.08.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.