Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»САРЫАҒАШ: ЖЫЛҒАДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТАДЫ
Аймақ

САРЫАҒАШ: ЖЫЛҒАДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР САНЫ АРТАДЫ

08.08.2024
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы іс- сапары барысында ауылдық округ аумағында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Алдымен аудан басшысы Жылға елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.
Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан спорт кешенінің ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар ішкі кәріз жүйесі орнатылып, нысанның еденіне кафель жабыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Келесі кезекте, аудан әкімі Жылға елді мекенінде салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның және Шымырбай елді мекеніндегі фэльдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыс жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Аталған елді мекендерде бой көтеріп жатқан медициналық нысандарының ғимараттарына кірпішін қалау жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетсек, республикалық бюджет есебінен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Түркістан облысы бойынша 49 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде Сарыағаш ауданына қарасты 3 елді мекенінде фэльдшерлік-акушерлік пунктерінің құрылыс жұмыстары бастау алған.
Сондай-ақ, аудан басшысы Шеңгелді елді мекеніндегі спорт алаңшасының құрылысымен және Қарақалпақ елді мекеніндегі «Ай-дос» мемлекеттік бала-бақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың ауыл үшін маңызы зор және олардың сапалы салынуы басты шарт екенін атап өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуі қатаң бақылауда болатындығын ескертіп, тиісті бөлім басшысына осы жұмыстарды үнемі назарда ұстауды жүктеді.
Сонымен бірге, аудан басшысы Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнайы барып, Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Шеңгелді елді мекенінің жерасты су қорын іздеу, барлау жұмыстары мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Қазіргі таңда 952 метр тереңдікте бұрғылау жұмыстары аяқталып, ұңғымадағы суды сорғылау жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, аудан басшысы аталған елді мекендегі сапалы электр желісімен қамту жұмыстарын жүргізуші мердігер “Андас групп” ЖШС-ның басшысымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын тездетіп бастап, жоспарға сәйкес жүргізуді тапсырды. Жобаға сәйкес 27,7 шақырым электр желісін жүргізу және 6 дана электр трансформаторларын орнату қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім қызметкеріне жұмыс барысын баяндап отыруды тапсырды.
Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі ауыл округтерін аралау барысында Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Жаңаарық елді мекеніне арнайы барып, жол жөндеу жұмыстарының барысын пысықтады.
Жаңаарық елді мекеніндегі А.Дүйсенбиев көшесіне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес 2,9 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары қарастырылған.
Жол құрылысында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне асфальт жамылғысын сметалық құжаттамаға сәйкес төсеуді және жұмыстарды жоспарға сай мерзімінде сапалы аяқтау қажет екенін атап өтіп, ауылдық округ әкіміне бақылауды күшейтуді тапсырды.
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

ЯЗЫК — ПУТЬ К ЕДИНСТВУ И ОСНОВА ПОРЯДКА

04.09.2026

ТІЛ – БІРЛІККЕ БАСТАР ЖОЛ ЖӘНЕ ТӘРТІП НЕГІЗІ

04.09.2026

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА В МЕЖЭТНИЧЕСКОМ ОБЩЕНИИ

04.09.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.09.2026

ҰЛАНДЫҚ САРБАЗ «CYBER ARMY CUP 2026» ТУРНИРІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

04.09.2026

Салық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізі

04.09.2026

Жаңа Салық кодексі: өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктер

04.09.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.