Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ ЕЛ — БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 27 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ
    Аймақ

    ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ ЕЛ — БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 27 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ

    08.08.2024
    Елімізде бастама алған игілікті бастамалар мол. Солардың бірі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы. Жоба бойынша елдімекендерге тас жол төселіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып келеді.
    Биыл Түлкібас ауданы аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
    Бүгінде жөндеу жұмыстары басталды. Біршамасының мердігері анықталып, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстар толық аяқталған жағдайда аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан асады деп күтілуде.
    Жалпы ағымдағы жылы Түлкібас ауданы аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан аспақ.
    Түлкібас аудандық тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұстафа Телғараевтың мәлімдеуінше,  бүгінгі таңға аудандық бюджет есебінен 3 елді мекеннің 4,5 шақырым құрайтын 4 көшесіне тас төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілген.
    2024 жылы аудан аумағында атқарылатын жолды орташа жөндеу жұмыстары: Қараағашты (Ал-Фараби), Ақбиік (Бірлік), Жабағылы (Көрікті, Батылдық, Жартыбаев, Талдыбұлақ, Желтоқсан, Молдағұлова); Елтай (Кенжетаев), Кемербастау (К.Лес, Балтабаев), Жәрімбетов (Ахментай), Керейт (Асылбекұлы, Мырзатай, Еркінбек, Тұрманұлы), Мақталы (Тәуелсіздік, Мұратбаев, Байбосынұлы), Таусағыз (Ақжол, Мелдебеков, Сағыныш, Жандосов, Бәйшешек), Рысқұл (Болашақ), Т.Рысқұлов (Садықов, Бекбосынов).

    Айта кетейік, 2023 жылы Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба жүзеге асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды.  Аталған жобаларды сәтті жүзеге асыруды жалғастыру мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалды: ««Ауыл – ел бесігі» – маңызды әрі тиімді жоба. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқармалар жобаларды жедел анықтап, құжатын әзірлеп, конкурстарын уақтылы өткізулері керек. Мердігерлер жұмыстарын жоспарға сәйкес атқарсын. Кешігуге болмайды. Аса қажетті нысандар бірінші кезекте жоспарға енгізілсін. Тиянақты зерделеп, жұмысты ширатуды тапсырамын», деп тиісті басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне бағдарламаның жүйелі әрі тиянақты орындалуын тапсыған болатын.

    Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанатбек Қайыпбектің айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» арқылы биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның 107-сі – жаңа жобалар. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 134 елді мекеннің әлеуметтік-инфрақұрылымдық жүйелері жақсарады.
    Биыл 1 сәуірдегі мәліметтерге көз жүгіртсек, 107 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша барлығына, техникалық қадағалау жұмыстары бойынша 96-сына мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған. Нәтижесінде 18 жоба бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде. 20 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне шағым түскен. 69 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталмаған. Техникалық қадағалау жұмыстарына 17 жоба бойынша жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.