Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    09.08.2024
    Түркістан өңіріндегі №55 қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде сотты болған 750 азамат жазасын өтеуде. Өткен айдан бастап Леңгір қалалық емханасы комиссия шешімімен аталған мекемеге медициналық қызмет көрсетуді бастады. Қазіргі уақытта 102 сотталушы диспансерлік бақылауда тұр. Бүгін өңірдің денсаулық саласына қатысты облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Аталған мәжіліске Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Түркістан облыс прокурорының Бірінші орынбасары, полиция және медицина мекемелерінің басшылары мен өкілдері, аудан-қала әкімдерінің жауапты орынбасарлары қатысты.
    Жиын барысында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев баяндама жасады. Өзекті мәселелер мен алда тұрған міндеттерге тоқталды. Арнайы құрылатын бөлімді штатпен қамтамасыз ету мәселесін шешу және қажетті дәрі-дәрмектерді уақытылы жеткізу ұсынылды.
    – Мәселе есептік көрсеткіште емес, жұмыста. Дер кезінде медициналық көмек көрсету қажет. Көп тіркелген аурулар қатарында қан айналымы жүйесінің аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, эндокриндік жүйе аурулары тіркелген. Бұдан бөлек тыныс алу жүйесінің және ас қорыту ағзаларының аурулары, созылмалы гепатит секілді аурулар бар. Жазасын өтеушілер де мемлекетіміздің қарамағында екенін ұмытпауымыз керек. Азаматтардың емделу режимін қайта қараңыздар. Бірлесіп жұмыс істеңіздер, – деді облыс әкімінің орынбасары.
    Әрі қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өңірлік штабтың отырысы өткізіліп, D және Е санатындағы сақтандырылмаған халықты тарту мәселелері туралы қаралды. Бұл бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахит Исмаханбетов баяндады.
    – МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер барлық азаматқа қолжетімді болу қажет. Облыс халқының 1/5 бөлігі МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Осы ретте, өңірлік штаб жұмысын күшейту керек. Мүмкіндігінше жұмыспен қамтысақ. Аудан, қалалар бойынша азаматтарды сақтандыруға бағытталған жұмыстар өте баяу жүргізіліп жатыр. Ақпараттық-насихат жұмыстары да нашар. Әсіресе, Сайрам, Сарыағаш және Жетісай ауданында, Түркістан қаласында тұрғындарды қамту шаралары бойынша жұмыстардың атқарылу барысы туралы қайта қарап, маған нақты мәлімет ұсыныңыздар. Бұл тек қана медицина саласы үшін емес, бірінші кезекте халықтың мүддесі үшін қажет. Осы орайда болашағымыздың денсаулығын қорғау бағытында қарқынды түрде бірге жұмыс істеуіміз қажет, – деген Бейсенбай Дәулетұлы аталған мәселелерді шешу үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.
    Айта кетейік, Түркістан өңірінде сақтандырылмаған 380 мыңнан астам адам бар. Қала, аудан кесіндісінде саны жағынан жоғары көрсеткіште тұрған 3 аудан, 1 қаланың сақтандырылмағандарының жалпы саны 170 мыңнан асады. Бұл облыстағы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындардың 45% -ын құрап отыр.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.