Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫРҒЫЗСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

    26.08.2024
    Қазақстанда Орталық Азия жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру көзделуде.
    Қырғызстан Республикасының «Жидек өсірушілер қауымдастығы» ҚБ төрағасы, ауыл шаруашылығының экс-министрі Тілек Тоқтоғазиев Түркістанға іссапармен келді. Қазақстан Республикасында жеміс-жидек шаруашылығын дамыту бойынша қауымдастық өкілі мен Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
    Негізгі мақсат — Орталық Азияда жеміс-жидек дақылдарының бірыңғай нарығын құру, жидек өсірушілердің өнімдерін сатуға жәрдемдесу, тұқым шаруашылығын дамыту және жаңа технологияларды енгізу. Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бауырлас елдің шаруаларымен ынтымақтастық шеңберінде бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді.
    Қырғызстандық кәсіпкерлер Сарыағаш ауданындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Аширафи Шимбергенов заманауи үлгіде жылу жүйесін қажет етпейтін жылыжай салып, құлпынай өсіріп жатқан кәсіпкер. Оның айтуынша, құлпынай 24 гектар аумақта егіледі. Сондай-ақ, «Агротур» шаруа қожалығы заманауи технологиямен раушан гүлін өсіруді қолға алған. Жылыжайдың көлемі 1 гектар. Сапар барысында Тілек Тоқтоғазиев Түркістан облысының кәсіпкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, тәжірибе алмасу мақсатында Қырғызстанға шақырды.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.