Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

    17.03.2025
    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен болашағы талқыланды. Облыс әкімі өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын, әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.
    – Облысымызда индустриалды аймақтар мен өндірістік парк бар. Жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Француз кәсіпкерлерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз, – деді Нұралхан Көшеров.
    Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, табиғи ресурстары, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларындағы мүмкіндіктері де сөз болды. Әкім аймақтың агроөнеркәсіп кешені мен өндіріс саласында француз инвесторлары үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
    Франция елшісі жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Түркістан облысының инвестициялық және экономикалық әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ француз компанияларының өңірде өз жобаларын жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.
    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру бағытында тығыз жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
    Іссапар барысында Франция елшісі бастаған топ Түркістан облысындағы шағын өндірістік паркке барып, инвесторларға ұсынылған мүмкіндіктермен танысты. Ғимараттарды аралап, тиімді ұсыныстар бойынша мәлімет алды.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.