Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ-НЫҢ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛАДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ-НЫҢ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛАДЫ

    21.03.2025
    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілдерімен кездесті. Басқосуда руханият саласындағы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар шаһарда ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу, институттың жұмысын жүйелендіру бойынша Жол картасын әзірлеу, штаттық құрылымын жасақтау және бекіту, облыс көлеміндегі мешіт қызметкерлерінің біліктілігіне мониторинг жүргізу, қажеттілігіне қарай біліктілігін арттыру курстарын оқыту жолдары сараланды.
    Облыс әкімінің орынбасары аталған орталықты ғылыми-зерттеу институты ретінде тіркеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
    – Қазіргі таңда дін саласындағы қызметкерлердің білімі мен біліктілігін көтерудің маңызы артқан. Сондықтан біліктілікті арттыру курстарына республикаға танымал, дін, тарих, мәдениет, философия және тағы басқа ғылымдар бойынша сарапшылар мен спикерлерді жұмылдыруды қолға алсаңыздар. Алдағы уақытта Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу бағытында халықаралық деңгейде конференциялар өткізіледі, солардың қорытындыларын да жұмыста кеңінен пайдалануды қарастыруды ұсынамын. Түркістанда мықты теологтар мен профессорлардан дәріс алу арқылы дін қызметкерлерінің білімі жетіле түсіп, елге сапалы қызмет етудің деңгейі артады деп ойлаймын, – деді Ертай Кенжебекұлы.
    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов өз сөзінде Түркістанның Қазақстанның рухани орталығы ретінде ерекше орны бар екенін атап өтіп, жақында ашылатын институт өңірдегі имамдардың білімін шыңдауға серпін беретін орталыққа айналатынына сенім білдірді.
    Аталған институт биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл орталықта Қожа Ахмет Ясауи еңбектері мен ғибратты хикметтеріне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласының дін саласында қызмет атқарып жүрген имамдарының білімін жетілдіру көзделіп отыр. Сонымен бірге тарихты, классикалық еңбектерді оқытып, діни мәселелерді түсіндіру қабілетін арттыру жоспарланған. Мұнда дін ғұламалары мен теологтар дәріс береді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.