Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ

ais_mediaBy ais_media21.03.2025Updated:22.03.2025Комментариев нет3 Mins Read
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда
Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады.
– Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Наурыз – молшылық пен жаңарудың мейрамы! Бабаларымыз 5 мың жылдан бері Наурызды жыл басы ретінде атап келеді. Наурыз Оңтүстіктен басталады. Бұл күні халқымыз мол дастарқан басында ақ тілектерін айтады. Наурызда ел аймақты тазалап, бұлақ көзін ашып, ағаш отырғызған. Осы ретте «Таза Қазақстан» бағдарламасы елдік дәстүрмен үйлесіп тұр. Баршаңызды табиғатты аялап, ауламызды, ауылдарымызды тазалап, көшет егуге шақырамын. Наурызды Түркістанда қарсы алудың жөні бөлек. Себебі бұл тарихи шаһар – ұлтымыздың алтын бесігі. Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Өңірді жан-жақты дамытуды тапсырды. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа мәртебе қаламыздың одан әрі дамуына тың серпін береді. Ең бастысы тарихи ескерткіштерді қорғау күшейтіледі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – парызымыз. Түркістанды жаңа мәртебесіне сай дамытамыз. Бүгінде шаһарда халықаралық талапқа сай ескек есу каналы мен «Қолөнершілер қалашығының» жүргізілуде. Биыл тапсырылады. Заман талабына сай ипподром салынуда. Туристік орталыққа айналдыру бағытында жұмыстар жанданады. Шаһардағы индустриалды аймақта зауыттар ашылуда. Түркістан өңірінің еңбекқор тұрғындары көктемнің әр күні жылға азық екенін жақсы біледі. Биыл белгіленген 900 мың гектар егіс көлемінің 700 мың гектар жері жыртылды. 5 мың гектарға ерте пісетін көкөністер егілді. Біз осы салада қайта терең өңдеу, ағын су тапшылығы және каналдардың тозу мәселесін шешуді қолға алдық. Мақта, жүгері және ет кластерін дамытамыз. Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы – Түркістан өңірінде Наурыз жоғары деңгейде атап өтілуде. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтап, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістанның ең көрікті орындарының біріне айналған «Керуен сарай» кешеніне жиналған адам қарасы көп. Ұлттық дәстүр мен өнерді қамтыған мазмұнды бағдарламар дайындалған. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ұлттық тағамдар көрмесі арқылы салт-дәстүріміз дәріптелді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, Наурыз мейрамының айшықты дәстүрі жалғасын тапты.
Концерт барысында ұлттық аспаптарда орындалған әуендер мен халық билері, түркі халықтарының музыкалық өнері, қазақтың «Тойбастар», «Наурыз-Думан» және өзге де әндері, «Жарапазан» тұрмыс-салт жыры және дәстүрлі өнер қойылымдары қамтылған. Күй күмбірлеп, бишілер би биледі. Ондаған киіз үйлер тігіліп облысымызбен қатар еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден келген саяхатшылар Түркістан төріндегі Наурыз тойына куә болды.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күніндегі мазмұнды іс-шаралар қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен әнші Түркістан төрінде» атты концерттік бағдарламасымен, «Тұран дала, әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысымен жалғасын тауып, «Шәмші. Вальс королі» спектаклі сахналанады.
Түркістан облысының барлық аудан, қаласында Наурыз думаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, елдің еңсесі көтеріліп, жұртшылық жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
ais_media

Related Posts

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР МАМАН БАСШЫ БОЛЫП КЕЛДІ

17.08.2026

ӨҢІРЛІК БІЛІМ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ КІТАПХАНАСЫ ЖАҢА БАСЫЛЫММЕН ТОЛЫҚТЫ

15.08.2026

М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ IFLA WLIC ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАПХАНА КОНГРЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ: ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ

15.08.2026
Leave A Reply Cancel Reply

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖГЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ БАР МАМАН БАСШЫ БОЛЫП КЕЛДІ

17.08.2026

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

17.08.2026

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАРДАН АУЫЛДАҒЫ ЕГІСТІК АЛҚАПТАРЫНА ДЕЙІН: САЙЛАУАЛДЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

17.08.2026

В ГОРОДСКОЙ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ БОЛЬНИЦЕ С ОНКОЛОГИЧЕСКИМ ЦЕНТРОМ ПРИМЕНЯЮТСЯ СОВРЕМЕННЫЕ МЕТОДЫ ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ ОНКОЛОГИЧЕСКИХ ЗАБОЛЕВАНИЙ

17.08.2026

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17.08.2026

«Закон и порядок»: определены приоритетные направления деятельности полиции Алматы

17.08.2026

«Заң мен тәртіп»: Алматы полициясының қызметіндегі басым бағыттар айқындалды

17.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

16.08.2026

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

16.08.2026

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.