Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА «ХУБЭЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАНДА «ХУБЭЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

    22.03.2025
    Түркістан қаласында Қытайдың «Хубэй» халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығының (Hubei International Enterprise Cooperation Association) өңірлік өкілдігі ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, қауымдастық басшылығынан Хуан Лися және бірқатар бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Бұл жоба аймақтар арасындағы байланысты нығайтып, экономиканы дамытуға, сонымен қоса, тәжірибе алмасу арқылы бірлескен маңызды жобаларды жүзеге асыруға көмектесетін мүмкіндіктер алаңы болары сөзсіз.
    Аталған өкілдіктің негізгі мақсаты – Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті дамыту. Сондай-ақ кәсіпкерлерге екі өңір нарығына шығуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және өндірістік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Өңірлік өкілдіктің негізі бағыттарына инвестиция тарту, сауда байланыстарын дамыту, өнеркәсіп саласы, ауыл шаруашылығы, логистика, инновация салаларында бірлескен кәсіпорындар құру жұмыстары кіреді.
    Жиында облыс әкімі өңірді дамыту бағытындағы келіссөздерге ашық екенін жеткізді.
    – Бұл өкілдік Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы іскерлік байланыстарды күшейтіп, жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады. Біз өзара тиімді серіктестікке дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.
    Айта кетейік, «Хубэй» халықаралық кәсіпорындар ынтымақтастығы қауымдастығы – қытайлық және шетелдік бизнес арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған ұйым. Қауымдастық инвестициялық жобаларды қолдап, халықаралық нарықта кәсіпкерлерге көмек береді.
    Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    03.09.2026

    МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

    02.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.