Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Аймақ»ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «АЛПЫСБАЙДЫҢ АЛПЫС ӘЗІЛІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЗІЛКЕШТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    Аймақ

    ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА «АЛПЫСБАЙДЫҢ АЛПЫС ӘЗІЛІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘЗІЛКЕШТЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    01.04.2025
    Түлкібас ауданынан қаламы қарымды көптеген ақын-жазушы түлеп ұшқан. Солардың ішінде шоқтығы биік, өзіндік ізі бар ақындардың бірі – Алпыспай Боранбайұлы биыл 75 жас мерейтойын тойлап отыр.
    Осы орайда, бүгін қазақ сатирасының сарбазы, ауданның құрметті азаматы Алпыспай Боранбайұлының мерейтойына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Алпыспабайдың алпыс әзілі» атты облыстық әзілкештер байқауы өтті.
    Ісшараға аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев, зиялы қауым өкілдері, аудан қонақтары мен тұрғындары қатысты.
    Құттықтау сөзбен байқаудың шымылдығын ашқан аудан Түлкібастың киелі топырағында туып, ауылдан алыстамай-ақ, қаламын серік етіп, ауданның атын күллі Алаш жұртшылығына таныта білген жерлес ақынды мерейтойымен құттықтап, дәстүрге сай шапан жауып, қошемет білдірді. Сонымен қатар құттықтау дипломын табыс етіп, байқауға қатысқалы отырған өнер азаматтарына сәттілік тіледі.
    Мәдени шара жалғасы байқауға ұласып, облысқа қарасты 11 аудан, қаладан келген театр майталмандары Алпыспай Боранбайұлының өнер туындыларын сахналап, өзара мықтыны анықтады.
    Қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлдені Сайрам ауданының өнерпаздары қанжығаларына байлады. Жүлделі бірінші орынға Түлкібас ауданы, екінші орынға Келес ауданы, үшінші орынға Шардара ауданы мен Төлеби ауданының өнерпаздары ие болды.
    Жиын соңында байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен арнайы сертификаттар табыс етілді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚЗУ-ДА ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР-ҰСТАЗ ОРАҚ АШИРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    20.10.2026

    В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ЭТНОПОЗНАВАТЕЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ «ТЕКЕМЕТ FEST»

    30.09.2026

    Достық пен келісім акциясы аясында

    28.09.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ – ТҮРКІСТАНДЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: АРЫСТАҒЫ БАЙЫРҚҰМ АУЫЛЫНДА СПОРТ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Республика күні атап өтілді

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026

    ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.