Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Facebook X (Twitter) Instagram
Aisnews.kz ақпараттық сайты
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
Aisnews.kz ақпараттық сайты
Home»Аймақ»ТҮРКІСТАНДА VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДА VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

11.04.2025
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті. Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатыр. Кешенді жарыс 24 ақпан мен 1 қазан аралығында спорттың 34 түрінен ұйымдастырылуда. Аталған додаға 2000-нан астам спортшы қатысады.
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, сондай-ақ спорт саласының құрметті мамандары қатысты.
Ербол Мырзабосынов ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мұндай жарыстар жас спортшылар үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
– Баршаңызды киелі Түркістан топырағында көргеніме қуаныштымын! Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындарына қош келдіңіздер! Биылғы ойындар Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Ата-бабаларымыз сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсетіп, бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлады. Батырлардың ерлігі мен еңбегін ұмытпауымыз керек. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы спорт саласының дамуына ерекше назар аударып келеді. Соның нәтижесінде отандық спорттың деңгейі жылдан жылға артып келеді. Біздің спортшылар халықаралық жарыстарда жарқын жетістіктерге жетіп, ел абыройын асқақтатып жүр. Ал Жастар спорт ойындары сияқты кешенді іс-шаралар отандық спортты жаңа деңгейге көтеруге серпін береді. Сондай-ақ жас ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға баулиды. Биылғы бәсекеде бағы мен бабы қатар шапқан ең үздік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін, – деді Туризм және спорт министрі.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті.
– Тарихи шаһарға қош келдіңіздер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы спорт саласын жан-жақты дамытуды тапсырған болатын. Осыған орай, бүгін Түркістан қаласында VІ Жастар ойындары басталды. Бұл – ел болашағы саналатын жастарымыздың шеберлігін шыңдап, жаңа чемпиондар тәрбиелейтін маңызды жарыс. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 2 мыңнан астам жас спортшы қатысуда. Ал Түркістан облысынан спорттың 34 түрінен 300-ден астам спортшы қатысады. Мұндай ірі іс-шараның Түркістанда өтуі заңдылық. Себебі аймақта спорт инфрақұрылымы жақсы дамып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталды. 2025 жылы заманауи үлгідегі 51 спорттық нысан пайдалануға беріледі. Оның ішінде атшабар мен ескек есу каналы бар. Сіздер спорт сайыстарында облыс қана емес, тұтас Қазақ елінің намысын қорғайсыздар. Бұл жарыс арқылы үлкен белестерге қадам жасайсыздар. Араларыңыздан Әлем, Олимпиада чемпиондары шыға берсін! Баршаңызға әділ бәсеке, сәттілік және жарқын жеңістер тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.
VI Жастар спорт ойындары еліміздің барлық өңірлерінде өтеді. Оның ішінде Түркістанда баскетболдан, байдаркада және каноэде есу спорт түрлері бойынша ұйымдастырылады.
Айта кетейік, биылғы Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, ұлттық құрама команданы жасақтау және халықаралық жарыстарға, оның ішінде 2025 жылы Бахрейнде өтетін жастар арасындағы жазғы Азия ойындарына дайындық аясында өткізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.09.2026

МОЛОДЕЖЬ ВНЕСЛА ВКЛАД В ЧИСТОТУ ГОРОДА

02.09.2026

«Закон и порядок»: в Шымкенте повышают правовую грамотность молодежи

26.08.2026
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

05.10.2026

БОКСТАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛДЫ

05.10.2026

ШЫМКЕНТТЕ ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ ПЕДАГОГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

05.10.2026

В ШЫМКЕНТЕ КО ДНЮ УЧИТЕЛЯ ЧЕСТВОВАЛИ ПЕДАГОГОВ

05.10.2026

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОТЫРАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

05.10.2026

ҒЫЛЫМ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ

05.10.2026

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЕЛ ГАСТРОНОМИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «STREET FOOD FEST»

03.10.2026

ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

03.10.2026
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.