Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Экономика»ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
    Экономика

    ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

    22.05.2025

    Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Мәселен, биыл қаңтар-сәуір айларында қала экономикасы 19,4 пайызға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша қала республика өңірлері арасында алғашқы үштікке кіріп отыр. Жалпы, 4 айдың қорытындысы бойынша қаланың барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім байқалды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 430,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4 пайызға артты.

    Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өнімдерін өндіру 50,2 пайызға, химия өнеркәсібі – 60,2 пайызға, металлургия өндірісі – 27,8 пайызға, машина жасау – 2,5 есеге, сусындар өндіру – 21,1 пайызға артты.

    Қалада қолданыстағы индустриялық аймақтар айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетуде. Жұмыс істеп тұрған 7 аймақтағы 1 276 гектарлық өндірістік алаңда жалпы құны 338 млрд теңгені құрайтын 305 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 9 мыңнан аса жұмыс орындары ашылған.

    Биыл өңдеу өнеркәсібінде 22 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 1200 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

    Қалада ауыл шаруашылығы саласында 15,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл сектордағы өсім 3,1 пайызды құрады. Егер бағыттар бойынша талдар болсақ, мал шаруашылығы өнімі 3,8 пайызға артқан. Оның ішінде сүт өндірісі 13,7 пайызға, жұмыртқа өндірісі 22,3 пайызға артты. Биыл «НМИ-Юг» ЖШС-і қуаттылығы 90 мың тоннаны құрайтын қойма іске қосылып, онда 60 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

    Қалада шағын және орта кәсіпкерлік те қарқынды дамып келеді. Соңғы 5 жылда белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандары 2 есе көбейіп, 138 700-ге жетті.

    Соңғы 3 жылда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41 пайыздан 52,6 пайызға дейін. Инвестиция көлемі 233 млрд теңгені құрап, 54 пайызға артты. Оның 70 пайызы жеке инвестиция есебінен. Инвестиция көлемінің өсімі бойынша Шымкент қаласы республика өңірлері арасында алдыңғы бестікке кірді.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА ӨҢДЕУ САЛАСЫНДА ТАҒЫ 2 ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

    24.10.2026

    ТУРКЕСТАН: В МАКТААРАЛЕ ЗАПУЩЕН ЗАВОД ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО МАСЛА

    24.10.2026

    ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА МАЙЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    24.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЖАС БҮРКІТ» КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

    26.10.2026

    В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    25.10.2026

    День Республики: получивший погоны из рук Президента офицер Национальной гвардии обучает молодых солдат.

    25.10.2026

    Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр.

    25.10.2026

    ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

    25.10.2026

    Педагогтердің санаты үшін қосымша ақы: министрлік түсіндірді, енді талаптың орындалуы маңызды

    25.10.2026

    Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    25.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    24.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.