ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ — Aisnews.kz ақпараттық сайты
Вторник, 1 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
Aisnews
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Aisnews
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

ais_media ais_media
27.06.2025
Басты ақпарат, Жаңалықтар, Саясат, Экономика
0
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
БөлісуБөлісуБөлісуБөлісу
Мемлекет басшысы Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Дәстүрлі жиынның биылғы тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытынды мен перспектива».
Президент форум интеграциялық бірлестік қызметінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды диалог өрбітетін маңызды алаңға айналғанына назар аударды.
– Дамудың жаңа кезеңіне қадам басар алдында аталған одақ Еуразиядағы ең ірі бірлестіктердің бірі ретінде өзінің лайықты орнын иеленіп отыр. Ұйымға мүше елдердің жалпы экономикалық әлеуеті – 2,6 триллион доллар. Өткен жылы өзара сауда айналымы 98 миллиард долларға жетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары. Ал елдеріміздің жиынтық ІЖӨ-нің өсімі екінші жыл қатарынан әлемдегі орташа көрсеткіштен асып түсті. Бүгінде бірлестіктің халықаралық беделі артып, жаһандық экономика жүйесіндегі маңызды субъектіге айналып келеді. Біздің ойымызша, ЕАЭО-ның одан әрі дамуы тең құқылық, ортақ игілік және прагматизм қағидаттарына арқа сүйеп, елдеріміздің экономикалық мүддесін нығайтуға қызмет етуі керек. Интеграция көп жағдайда біз қалаған нәтижеге жеткізбейді, бұл үшін өзара ымыраға келіп, бірлесе жұмыс істеу керек, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев модератордың ЕАЭО елдерінің өзара сауда-саттық үдерісіндегі цифрлық технологиялардың перспективасы туралы сауалына жауап берді.
– Заманауи сын-қатерлер экономиканы өркендетуде жаңа тәсілдерге жүгінуді талап етеді. Бұл ретте цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады. Жалпы, цифрландыру мен жасанды интеллект біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағытының бірі. Электронды коммерция, цифрлық құжат айналымы, автоматтандырылған басқару жүйесі және логистика ЕАЭО елдері экономикасының ажырамас бөлігіне айналды. Олар шығынды азайтып, тауарлар қозғалысын жеделдетуге және бизнестің ортақ нарыққа шығуын жеңілдетуге мүмкіндік берді. Жаппай цифрландыру әлемнің тез өзгеруіне, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуіне түрткі болып отыр. Біз осы кезеңнің куәгеріміз. Аталған үдерісте ең ерекше назар аударатыны – жасанды интеллект.Бұл технология өнімділікті арттырып қана қоймай, экономиканың жұмыс істеу қалыбын, тіпті мемлекет пен қоғамды түбегейлі өзгертіп жатыр. Қазірдің өзінде ЖИ коммуникация, көлік, энергетика, өндіріс, денсаулық сақтау және білім беру секілді салаларға дендеп енді. Әрине, жасанды интеллектіні енгізудің теріс әсері де бар. Мысалы, студенттер ChatGPT пайдаланады. Тіпті, кейбір саясаткерлер баяндамаларын жазу үшін ChatGPT көмегіне жүгінетін көрінеді. Бірақ мұның бәрі жасанды интеллектінің, жалпы цифрландырудың жанама әсері деп ойлаймын. Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай цифрландыру мен жасанды интеллект әлемдік ішкі жалпы өнімге 15 триллионнан астам табыс әкеледі, 300 миллионға тарта жұмыс орнын алмастырып, мүлдем жаңа мамандықтардың пайда болуына ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, дүние жүзінде жасанды интеллект саласындағы бәсекелестік күшейіп келеді. Еуразиялық экономикалық одақ ғаламдық үдеріс көшінен кеш қалмауы керек.
– Енді ғана қалыптасып келе жатқан цифрлық әлем тәртібіндегі рөлімізді күшейтуге орайлы сәт туды. Мұны дер кезінде пайдалану маңызды. Әрине, кез келген технологиялық революция сияқты жасанды интеллектінің де қатері жоқ емес. Технологияға қолжетімділік теңсіздігі, дәстүрлі жұмыс орындарының қысқаруы, цифрлық дербестіктің шектелуі, жаһандық цифрлық монополияға тәуелділік секілді қауіптер бар. Яғни дамуы жоғары деңгейдегі елдердің үркердей тобы осы үдерісте көш бастап, әлемнің басқа бөлігі соңында қалуы мүмкін. Менің ойымша, ЕАЭО бұл процестің алдыңғы шебінде болуға тиіс, тым болмаса артта қалып қоймауымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның келесі жылғы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалығы аясында жиындардың бірін жасанды интеллектінің дамуына арнауды ұсынды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы стратегиялық маңызды саладағы әлеуетті нығайту үшін елімізде атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
– Біз ұлттық цифрлық инфрақұрылымды дәйекті түрде дамытып келеміз. Таяуда есептеу қуаты жоғары суперкомпьютерді іске қосады. Оның ресурсын ғылыми зерттеулерге, модельдеуге, үлкен деректер қорын өңдеуге және инженерлік тұрғыдан күрделі міндеттерді шешуге пайдаланамыз. Қазақстанда Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрылды. Салалық заң қабылдау жоспарланып отыр. Бұл қадамдардың барлығы елімізде жасанды интеллектіні қолданудың берік институттық негізін қалыптастыруды көздейді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда академиялық экожүйе қалыптастырып, жаңа буын мамандарын даярлау мақсатында халықаралық университеттермен және ғылыми орталықтармен серіктестікке айрықша мән берілетінін жеткізді. Бұл ретте Президент елімізде Мәскеу инженерлік-физикалық институтының филиалын ашуға қолдау көрсеткені үшін Ресей басшылығына ризашылығын білдірді.
– Биыл Астанада Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. Бұдан бөлек, біз жаңа тұрпатты CryptoCity эксперименталдық аймағын құруға кірістік. Бұл криптовалюта саласындағы әлемдік сарапшылар бас қосатын орталыққа айналмақ. Пилоттық жобада біз цифрлық активтерді кеңінен қолдануға байланысты құқықтық және технологиялық шешімдерді сынақтан өткіземіз. Жалпы, Қазақстан ынтымақтастыққа ашық. ЕАЭО-ға мүше елдерді инновациялық кластерлерді, технопарктер мен стартап-инкубаторларды бірлесе іске қосуға шақырамыз. Ондағы ғылыми ізденістер мен технологиялар кейін табысты коммерциялық жобаға айналуы мүмкін, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пікірінше, озық цифрлық технологиялар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастығымызға тың серпін бере алады.
– Бұл бағытта біздің мүмкіндігіміз зор. Қажетті стратегиялық құжаттар қабылданған, тәжірибе жеткілікті әрі ортақ міндетті жүзеге асыру жолдары белгілі. Ең бастысы, бізге өзара келісіп, прагматикалық тұрғыдан жедел әрекет еткен жөн. Мемлекеттеріміз жүйелі әрі батыл саясат жүргізіп, Еуразия кеңістігінде күш-жігер біріктірсе, жасанды интеллектіні экономикамыздың жаһандық бәсекелестіктегі тұрақты өсім көзіне айналдыруға болады. Біз экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға ниеттіміз. Тиімді, ашық әрі өркендеген Еуразиялық экономикалық одақ құру жолында жоспарлы түрде бірге жұмыс істеуге әзірміз, – деді Мемлекет басшысы.
Алдыңғы мақала

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ҚОҒАМ ТАҢДАУЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕЛІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ТАСЖОЛДАРДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
ЕЛІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ТАСЖОЛДАРДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ЕЛІМІЗДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗҒА ИЕ ТАСЖОЛДАРДА АУҚЫМДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ПОПУЛЯРНОЕ

  • ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАҢЫЗДЫ — ВИДЕО

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Imanbek пен LP көпшілік назарына бейнебаяндарын ұсынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ТАНЫМ ҚУАНЫШЫ: БАЛАНЫҢ ҚЫЗЫҒА ОҚУЫНА ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕМІЗ?» ТРЕНИНГ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жаңа білім үлгісі,жаңалықтың жаршысы-ҚазҰУ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ШЫМКЕНТ – ҚАУІПСІЗ ҚАЛА БОЛУЫ КЕРЕК

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Бізбен байланыс

Тел.: +7 705 739 81 89

Email: media_azat@bk.ru

Яндекс.Метрика
  • Біз туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Аймақ
  • Спорт
  • Денсаулық

© 2024 / Aisnews.kz - ақпарат агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.