Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕ: УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА!
    Жаңалықтар

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕ: УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫ COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДА!

    03.09.2026

    Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті білім беруді цифрландыру және халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялану бағытында кезекті тарихи әрі айтулы белесті бағындырды!
    Университетіміздің алғашқы авторлары ретінде әлемге танымал Coursera халықаралық білім беру платформасына өздерінің авторлық жаппай ашық онлайн курстарын – ЖАОК (МООК) сәтті орналастырған үш білікті оқытушымызды ерекше мақтанышпен құттықтаймыз!
    Әлемдік деңгейдегі білім айдынына жол тартқан зерттеуші-педагогтарымыз:
    Шакенова Майгуль Тулегеновна – филология ғылымдарының кандидаты, «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент. Оның заманауи медиа кеңістіктің сұранысына толық жауап беретін «Медиаграмотность и применение ИИ» атты ЖАОК курсы Coursera платформасына 2026 жылғы 5 наурызда сәтті орналастырылды.
    Жолдасбекова Карлыгаш Абдиманатовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының доценті. Ғалымның ұлттық және әлемдік өнер сабақтастығын тереңнен толғайтын «Өнер тарихы» ЖАОК курсы платформаға 2026 жылғы 13 шілдеде жүктелді.
    Айтымбетова Айнура Нурлановна – «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор. Оның басқарушылық пен қаржылық сауаттылықты ұштастырған «Финансовый анализ для лидеров» ЖАОК курсы 2026 жылғы 26 тамызда халықаралық аудиторияға жол тартты.
    Бұл – тек жекелеген авторлардың жеңісі мен табанды еңбегінің жемісі қана емес, бүкіл университетіміздің цифрлық білім беру кеңістігінде жаңа мүмкіндіктерге нық қадам басқанын, отандық жоғары білім беру стандартының бәсекеге қабілеттілігін көрсететін аса маңызды стратеиялық нәтиже. Аталған онлайн курстар әлемнің кез келген нүктесінен білім алушыларға заманауи және сапалы білім алуға кеңінен жол ашады.
    Ардақты авторларымызды Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің профессоp-оқытушылар құрамы мен ұжымының атынан осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
    Сіздерге сарқылмас шығармашылық илхам, ғылыми-педагогикалық қызметтеріңізде жаңа табыстар, зор денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еңбектеріңіз халықаралық білім беру кеңістігінде лайықты бағаланып, студенттер мен жас ғалымдарды сапалы біліммен сусындату жолында әрқашан жемісті бола берсін! Жаңа асулар мен халықаралық биіктер құтты болсын!

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.