Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    ТҮРКІСТАНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

    05.10.2026

    Түркістанда Ұстаздар күні мерекесінде білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
    – Бүгін біз адамзаттың парасат биігін айқындайтын ерекше мереке – Ұстаздар күнін атап өтудеміз! Баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – жай ғана маман емес. Ұстаз – баланың бойына білім мен тәрбие дарытып, елдің ертеңін қалыптастыратын тұлға. Сондықтан ұстазға деген құрмет – болашаққа деген құрмет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаеватап өткендей, елдің басты капиталы – сапалы білім алған, бәсекеге қабілетті ұрпақ. Сондықтан білім сапасын арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бүгінде мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Жаңа мектептер салынып, материалдық база жаңартылуда, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасалды. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, Түркістан облысының ұстаздары мен оқушылары да жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша облысымыздың 4 білім беру ұйымы еліміздің үздік 100 олимпиадалық мектебінің қатарына енді. Оқушыларымыз халықаралық және республикалық білім додаларында 170 жүлделі орын иеленді. Тарихы терең, рухани құндылықтары биік Түркістанның білім сапасы да жоғары болуға тиіс. Біздің мақсатымыз – әр баланың білімін көтеріп, өздігінен ойлауына және үйренгенін өмірде қолдануына мүмкіндік беру, – деген Нұралхан Көшеров білім саласында жеткен жетістіктерді де баяндап, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
    Биыл Түркістан облысының педагогтері «Зерде» республикалық зерттеу жобалары байқауында бірнеше рет бірінші орынды иеленді. Сонымен бірге ұстаздар мен шәкірттері «Кітап және цифрлық әлем – STEAM» республикалық инновациялық жобасында, халықаралық ІІІ дәстүрлі «Зейін-2025» ғылыми жобалар байқауында топ жарды.
    Айтулы мереке қоғамның өзекті идеялары – «Адал азамат» тәрбиесі, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениеті, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Жаңа Конституция талаптары, сондай-ақ заманауи жасанды интеллектіні білімге енгізу бағыттарымен сабақтаса ұйымдастырылды. Атап өтілген әрбір бағытты жүзеге асыруда білікті де парасатты ұстаздар қауымының атқарар рөлі ерекше.
    Өңір басшысы республикалық, облыстық пән олимпиадалары және білім байқауларының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге марапат ұсынды. Олардың ішінде 5 педагог «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, 5 ұстаз ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, 20 ұстазға алғыс хат табысталды. Облыс әкімі тарапынан марапатталған 20 ұстазға 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді.
    Сондай-ақ Облыстық маслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов 50 педагогке «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Құрмет» грамотасы мен алғыс хаттар тапсырды.
    Салтанатты жиында облыс өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарламасын ұсынды. Танымал әнші-бишілермен бірге талантты оқушылар мен балалар да өнер көрсетті.
    Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы 83 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Орта білім беру ұйымдарында 66 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Педагогтердің 94%-ы (62 928 адам) – жоғары білімді, 4 015 маманның магистрлік дәрежесі бар.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

    12.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    12.10.2026

    Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

    12.10.2026

    ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚ АШЫЛДЫ

    12.10.2026

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    «ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» ӨТТІ

    10.10.2026

    СОСТОЯЛСЯ «ШЫМКЕНТСКИЙ ВЕЛОМАРАФОН»

    10.10.2026

    Казахстан вошёл в топ-35 наиболее влиятельных государств мира

    10.10.2026

    СУДЫ ҮНЕМДЕУ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАМҚОРЛЫҚ

    09.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.