Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттен тағы 27 азамат әскерге аттанды
    Жаңалықтар

    Шымкенттен тағы 27 азамат әскерге аттанды

    08.10.2026

    Шымкент қаласында мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Қаланың 27 азаматы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына аттанды.

    Салтанатты іс-шара «Абай» саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында ұйымдастырылды. Рәсімге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Қарулы Күштердің ардагерлері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ әскерге аттанушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

    Жиында Мемлекеттік күзет қызметінің стратегиялық нысандар мен мемлекет басшылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлі атап өтілді. Осыған байланысты қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде олардың дене дайындығына, тәртібіне, психологиялық тұрақтылығына және жеке қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.

    Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңыздылығына тоқталып, әскерге аттанушыларға ақжолтай тілегін жеткізді.

    – Отанға қызмет ету – қасиетті борыш. Бүгін сіздер осы борышты өтеуге қадам басқалы тұрсыздар. Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызмет атқару – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Сіздер әкелеріңіз бен аталарыңыздың даңқты дәстүрін абыроймен жалғастырып, мемлекетімізге сенімді тірек, өскелең ұрпаққа үлгі боласыздар деп сенеміз. Азаматтық борыштарыңызды абыроймен өтеп, аман-есен елге оралыңыздар, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

    Өз кезегінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, Мемлекеттік күзет қызметіне іріктелу – жастардың жоғары дайындық деңгейі мен оларға көрсетілген мемлекеттік сенімнің белгісі.

    – Мемлекеттік күзет қызметіндегі әскери қызмет жоғары тәртіпті, төзімділікті және жауапкершілікті талап етеді. Шымкенттік әскерге шақырылушылар өңір намысын абыроймен қорғап, әскери борыштарын адал атқарады деп сенемін, – деді полковник Әбдіғабит Шегебаев.

    Салтанатты рәсім барысында жас сарбаздарға ақ жол тіленіп, ата-аналары мен жақындары сәтті қызмет тілеп, қолдау білдірді.

    Әскерге шақырылушыларды жөнелту күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін жоспарлы түрде жасақтауға бағытталған.

    Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкент қаласынан 1300-ден астам азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланған. Бүгінгі таңда өңірден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 200-ден астам, ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 250-ге жуық азамат аттанды.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    13.10.2026

    МИРАС ТӨЛЕБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ КӨЛЕМІ 84,4%-ҒА ӨСТІ

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШКІ САЯСАТТЫ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

    13.10.2026

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.