Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Жаңалықтар»Қазіргі заман қаһармандары – жас ұрпаққа үлгі
    Жаңалықтар

    Қазіргі заман қаһармандары – жас ұрпаққа үлгі

    16.11.2026

    Алматы қаласындағы №210 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы аясында тағылымды кездесу өтті. Мектеп оқушыларымен жүздесуге қызмет барысында ерлігімен көзге түскен ішкі істер органдарының бір топ қызметкері келді. Олардың қатарында Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінің аға лейтенанты Ербол Арыстанов та болды.

    Ербол Арыстанов биылғы жылдың ақпан айында Заречный елді мекеніндегі тұрғын үйден өрт шыққан кезде батылдық танытып, тұрғындарды, соның ішінде балаларды қауіпсіз жерге шығаруға көмектескен болатын. Оның дер кезінде жасаған әрекеті адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізді.

    Мектеп ұжымы қазіргі заманның қаһармандарын ерекше ықыласпен қарсы алды. Қонақтар алдымен білім ордасында жақында ғана ашылған «Жас сақшы» сыныбымен танысты. Кездесу барысында оқушылармен еркін әңгімелесіп, қызметтік тәжірибелерімен бөлісті, жасөспірімдерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Әсіресе құқық қорғау саласындағы қызметтің жауапкершілігі, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және азаматтардың тыныштығын қорғау жолындағы міндеттер туралы әңгіме өрбіді.

    Өз кезегінде оқушылар Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының батыры, қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция аға лейтенанты Ерлан Бопырбаевтың өмірі мен ерлігі туралы баяндап берді. Мектепте батырдың өмірі мен қызметіне арналған арнайы ерлік бұрышы жасақталған. Сонымен қатар, «Жас сақшы» кабинеті де оның есімімен аталады.
    Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

    Бұдан бөлек, қонақтар «Ұлттық ұлан батырлары атындағы Ерлік сыныбының» жұмысымен де танысты.

    Тағылымды кездесудің соңында мектеп-лицей директорының орынбасары Салтанат Әшімбаева қонақтарға алғыс білдіріп, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға және патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін ризашылығын жеткізді.

    «Қазіргі заман қаһарманы» акциясы аясындағы мұндай кездесулердің маңызы зор. Өйткені ерлік иелерімен жүздесу жас ұрпаққа батылдықтың, адамгершіліктің, елге адал қызмет етудің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бүгінгі қаһармандардың өмір жолы – өскелең ұрпаққа үлгі, елдік пен ерліктің жарқын өнегесі.

    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

    16.11.2026

    ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    16.11.2026

    КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

    16.11.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

    16.11.2026

    ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

    16.11.2026

    КІТАППЕН ҚАРУЛАНҒАН ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

    16.11.2026

    Қазіргі заман қаһармандары – жас ұрпаққа үлгі

    16.11.2026

    ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    Қару мен қаржы қызметін қатар меңгерген ару

    13.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

    13.11.2026

    ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    13.11.2026

    AUEZOV UNIVERSITY ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ

    13.11.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.