Close Menu
Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Біз туралы
    • Құпиялылық саясаты
    • Байланыс
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    • Басты бет
    • Саясат
    • Экономика
    • Қоғам
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Аймақ
    • Спорт
    • Қазақ тілі
      • Қазақ тілі
      • Русский
    Aisnews.kz ақпараттық сайты
    Home»Қоғам»«Тәрбие тұғыры имандылықта»
    Қоғам

    «Тәрбие тұғыры имандылықта»

    02.02.2024
    Шардара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара қаласы М.Қалмырза атындағы №3 мамандырылған мектеп интернатының ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларымен «Тәрбие тұғыры имандылықта», — тақырыбында тәрбие сағатына аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, ардагер ұстаз Т.Тасыбеков, мектептің технология пәнінің Д.Ізбасар, биология пәнінің мұғалімі Ғ.Әлімханов қатысты.
    Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров: Қазақ халқы әуелден — ақ бала тәрбиесіне айрықша мән беріп, оны ата — ананың борышы санаған. Өйткені, бала — болашақ иесі. Балаларды сүйіспеншілікпен тәрбиелеп, махаббат нұрын жаудыру әр ата — ананың міндеті. Қазақ мақалында былай делінген: «Алтыға дейін бала деп қара, алтыдан кейін құлыңдай көр, он алтыда досыңдай көр», — деген. Бала тәрбиесіндегі кез — келген дүниені сүйіспеншілікпен, ерекше ықыласпен тәрбиелесе, ондай тәрбие адамның болашақта өз бетінше шешім қабылдай білу мүмкіндігін арттырады. Мектепте берілетін білімге қоса, көптеген қазақстандық отбасылар үшін баланың рухани тәрбие алуы, бағыт көрсетуі маңызды болып қала береді. Ата — ана әрбір жас балаға үлгі, оның бүгін қандай болып тұрғанын білдіретін және ертеңіне жол көрсетіп тұрған бағдаршам. Бала тәрбиесі жөнінде Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата — анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», — деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Ал, шығыстың ұлы ойшылы Әл — Фарабидің: «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», — деген деп сөзін қорытындылады. Мектептің оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
    Share. Facebook VKontakte Twitter Telegram Threads LinkedIn Email WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз...

    ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – АЗАМАТТАР ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ НЕГІЗІ

    11.10.2026

    ШЫМКЕНТТЕГІ САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ АЛҒАШ РЕТ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

    09.10.2026

    🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

    08.10.2026
    СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

    ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ПЕН КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ӨҢІРДЕГІ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

    13.10.2026

    КІТАП – БІЛІМ МЕН МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІНЕ АШЫЛҒАН ЕСІК

    13.10.2026

    ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒАРЫШҚА ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КАДР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫЙ-ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

    13.10.2026

    ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІ — АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕЛІГІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

    13.10.2026

    В Национальной гвардии срочников обучают управлению дронами.

    13.10.2026

    Ұлттық ұланда мерзімді қызмет сарбаздары дрон басқаруды үйреніп жатыр.

    13.10.2026

    TURKISTAN ENERGY: ТҮРКІСТАН ТАУЛАРЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫНЫ БІРІКТІРГЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ SAIRAM-SU TRAIL ЖАРЫСЫ ӨТТІ

    13.10.2026
    БІЗ ТУРАЛЫ

    Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
    ақпараттық агенттігі ретінде 11.02.2021 ж. № KZ26VPY00032250 куәлігі берілді.
    Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

    ©2025 - 2026 / Aisnews.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.