Биыл Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі. Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Еламан, Оңтүстік, Цементшілер, Жұлдыз, Бадам-1, Базарқақпа, Ұлағат шағынаудандары мен елді мекендерінде балалар және спорт алаңшалары бой көтереді. Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 56 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 5 гүлзар пайдалануға берілген.
Автор: ais_media
Сегодня металлургия является одной из ведущих и перспективных отраслей промышленности Казахстана. Каждое третье воскресенье июля в Казахстане отмечают свой профессиональный праздник люди, чей труд связан с производством металла: сталевары, литейщики, доменщики, кузнецы, формовщики, прокатчики и другие. Эти и многие другие специальности объединяет металлургия. Праздник отмечают и представители научной сферы, работающие в области металлургии в научно-исследовательских центрах соответствующего профиля, горняки, добывающие руду, а также все, кто работает на металлургических предприятиях. День металлурга в Казахстане был учреждён Указом Президента Республики в 2003 году. Оставаясь верным историческим традициям, Казахстан сохранил в качестве даты празднования профессионального праздника металлургов каждое третье воскресенье июля.
Қазіргі таңда металлургия Қазақстанның алдыңғы қатарлы және болашағы зор салаларының бірі болып табылады. Әрбір шілденің үшінші жексенбісі күні металл өндірумен айналысатын мамандар: балқытушылар, құйғыштар, доменшілер, ұсталар, қалыптаушылар, прокатшылар және басқа да көптеген мамандар өздерінің кәсіби мерекесін тойлайды. Бұл және басқа да көптеген кәсіптер металлургия саласын біріктіреді. Праздникке металлургия саласында жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер, металлургиялық кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшылар, сондай-ақ руда өндіруші шахтерлер де қатысады. Қазақстанда металлургия қызметкерлерінің күні 2003 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Тарихи дәстүрлерге адал бола отырып, Қазақстан металлургтар күні мерекесін әр жылдың шілде айының үшінші жексенбісінде атап өту шешімін қабылдады.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Нысандарды аралау барысында әр білім ордасының жөндеу жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және оқу процесіне кедергі келтірмеу шараларына баса назар аударды. Қала басшысы алдымен биылғы жылы күрделі жөндеуге жоспарланған №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясы, №7 С.Ерубаев атындағы мектеп-интернатына барды. Аталған нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың мамыр айының соңында басталған болатын. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес қарқынды жүргізілуде. Алдымен Әзімбек Пазылбекұлы 1989 жылы пайдалануға берілген Ататүрік…
Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және «Руханият орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ұлт тәрбиесіндегі маңызды тұлғалар – әке мен ұлдың рөлін дәріптейтін ерекше тәрбиелік шара өтті. «Әке – ұрпаққа өнеге, ұл – болашаққа өрнек» атты бұл сайыс жасөспірімдер мен ата-аналар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ұл балалардың тәрбиесіне қоғам назарын аударуға, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтауға бағытталды. Іс-шараның ашылу салтанатында Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. Тажыбеков және Қоғамдық келісім «Сауран аудандық филиалының» басшысы А.Раматуллаев, «Руханият және талдау орталығы» КММ-нін басшысы С.Әшірбай құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Сайыс 3 бөлімнен тұрды: 1. «Таныстыру» кезеңі – Әке мен…
2025 жыл – еңбек адамдарының қадірін арттыратын ерекше жыл. Солардың бірі – ақ халатты абзал жан дәрігер. Оның әр күні – адам өмірі үшін күрес, әр сәті – жауапкершілік пен жанқиярлықтың айғағы. Дәрігер болу – жүректен шыққан мамандық. #ЖұмысшыМамандықтарЖылы #Годрабочихпрофессий #Дәрігер
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің Тұран ауданы тұрғындарымен өткізген көшпелі кездесуінде айтылған мәселелер ескерусіз қалмай, нақты шешімдер қабылданды. Тұрғындар тарапынан көтерілген өтініштер мен ұсыныстарға сәйкес, бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. 1. Аяқжол салу: Тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету мақсатында Тұран ауданының Орманов көшесіне ұзындығы 20 метрді құрайтын жаңа аяқжол салынды. Бұл — тұрғындар күнделікті қолданатын бағыттардың бірі. 2. Аула ішін жарықтандыру: Байтұрсынов көшесіндегі №94 көпқабатты тұрғын үй ауласына сыртқы жарық шамдары орнатылды. Бұл шара аула ішіндегі қауіпсіздікті арттырып, тұрғындардың кешкі уақытта емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді. 3. Ирригациялық жүйе орнату: Көктас көшесінің бойына жаңбыр және ағын суларды тиімді бағыттау мақсатында…
16–20 маусым аралығында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен көшпелі кездесу өткізіп, халықтың ұсыныс-тілегін тыңдады. Нәтижесінде жер қатынастары басқармасына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, оларды орындау бойынша тиісті жұмыстар атқарылды. Басты басымдық – мәселені тұрғынмен кері байланыс орната отырып, зерделеу. Қажетті жағдайларда актілер толтырылып, құзырлы органдарға хаттар жолданды. Атап айтқанда: Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелеріне қатысты меншік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жерге орналастыру жобасына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар берілді; — Добролюбова көшесінде заңсыз орнатылған теңіз контейнерлері анықталып, тиісті шара қабылдау мақсатында құзырлы органға хат жолданды; — «Жасыл Жай» көшесіндегі игерілмеген жер телімдері зерделенді; — Қайтпас шағынауданында мазарат маңындағы жер…
Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жыл сайын кеңейіп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда қала бойынша 42 479 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде, 8 275 адам 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Әлеуметтік қолдаудың жаңа форматы – әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асуда. Бұл жүйе арқылы мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып, өз бетінше тапсырыс бере алады. Жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Мұнда басқарма қызметкерлері азаматтарға тікелей көмек көрсетіп, кеңес береді. 2025 жылдың басынан бері қалада оңалтудың…
2025 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен шілде-тамыз айларында 9 693 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл бастама ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік 5 санатқа жататын балаларды сауықтыру және тиімді демалыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Балалар демалысын Машат-Арасан, Бекзат Саттарханов атындағы лагерь, Қарлығаш, Үш бұлақ, Таң-Шолпан, Көктөбе, Айсанар сынды қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде өткізуде. 2025 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша жазғы демалыспен 3 131 бала қамтылды. Қалған балаларды кезең-кезеңімен лагерьлерге жолдау жалғасып жатыр. Лагерьлерде балалар тек демалып қана қоймай, түрлі тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдылар қалыптастырып, командалық жұмысқа үйренеді. Жазғы демалысты ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігі, сапалы тамақтануы, медициналық қызметпен…