Шымкент қаласында өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде 193 қылмыстық іс тіркеліп, оның 13-і сотқа жолданды. Ең жиі тіркелетін қылмыстардың қатарында алаяқтық – 38 іс, ұрлық – 27 іс, есірткі заттарының заңсыз айналымы – 12 іс, тонау – 10 іс және жол-көлік оқиғаларына байланысты 11 іс бар. Алаяқтық қылмыстарының басым бөлігі интернет алаяқтық деректерімен байланысты (28 іс). Оның ішінде интернеттегі жалған тауар жарнамалары арқылы (13 дерек), инвестицияға қатысты жалған ұсыныстар (3 дерек), өздерін банк қызметкері, байланыс операторы немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып жасалатын қоңыраулар (11 дерек) және несие рәсімдеу арқылы (2 дерек) алаяқтық тәсілдері жиі кездеседі. Мәселен, өткен аптада «Г»…
Автор: ais_media
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу — Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді. Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді. Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді өкілдері қатысты. Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Этномәдени бірлестік…
Бүгінгі күннің батырлары кімдер дейсіз бе?Олар – сын сағатта тайсалмай, бір жанның өмірі үшін өз өмірін тәуекелге тіккен қарапайым азаматтар.Біз оларды мақтанышпен атаймыз. Себебі, батырлық – тек ұрыста емес, бейбіт өмірде де көрінеді. 2025 жылдың 4 шілдесі, сағат 18:30 шамасы.Отырар ауданының тұрғыны Ф. есімді әйел Шымкент қаласынан Түркістанға оралып келе жатып, Түркістан-Балтакөл бағытындағы таксиден Балтакөл көпірінің тұсында түсіп қалып, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетпен суға секіреді. Сол сәтте дәл осы маңда балық аулап отырған Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округіне қарасты Аша елді мекенінің тұрғындары — 1984 жылы туған Нарбаев Самат Қозыбайұлы мен 1995 жылы туған Ибрайым Бақдәулет Асанғалиұлы суға кетіп бара…
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық, «Жасыл Сауран» мекемесінің директоры Нұржан Бадамбаев және жеке кәсіпкерлер Түркия Республикасының Кония қаласына жұмыс сапарымен барды. Іссапардың негізгі мақсаты – шетелдік инвестиция тарту, кәсіпкерлік байланыстар орнату және аудан көлемінде өндірістік әлеуетті арттыру. Сапар барысында делегация мүшелері Кония қаласындағы бірқатар индустриялық аймақтарды аралап, жергілікті өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар ірі кәсіпорындармен іскерлік кездесулер өткізіліп, нақты әріптестік мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, гидравликалық қысым, механикалық діріл және PLC басқару жүйесіне негізделген автоматтандырылған машиналар шығаратын «Kanat Makina San. Tic. Ltd. Şti», мәрмәр тас өңдеу жабдықтарын өндіретін «Efeşen», сондай-ақ сүт өнімдері және бал өндіруге…
Түркия Республикасы Қаратай ауданында «Karatay Lavanta Günleri 2025» мерекесі ерекше сән-салтанатпен басталды. Осы мерекелік күндердің басты ерекшелігі – Қаратай мен Сауран аудандары арасындағы ынтымақтастық аясындағы тәжірибе алмасу болды. Арнайы меморандум шеңберінде Сауран ауданынан келген делегация Қаратай әкімдігінің шақыртуымен іс-шараға қатысып, лаванда өсіру тәжірибесін көзбен көрді. Түркияның ең ірі біртұтас лаванда алқаптарының бірі саналатын Қаратай лаванда бақтары — туризм мен өндіріс саласындағы Конья өңірінің шоқтығы биік жобаларының бірі. Аумағы 340 гектарды құрайтын бұл алқап бүгінде тек ауыл шаруашылығы емес, мәдени және әлеуметтік маңызы зор орталыққа айналған. Бұрын қоқыс төгілетін бос жатқан жерді түрлендіріп, 2020 жылы алғаш рет лаванда көшеттерін отырғызған Қаратай…
Құрметті отандастар! Астана күні құтты болсын! Биыл бұл мереке Домбыра күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Қазақтың қасиетті қара домбырасы Ұлы даланың мыңжылдық бірегей мәдени мұрасын әйгілейді. Ал елордамыз Қазақстанның тұрақты әрі қарқынды өсіп-өркендеуін және жасампаз ұлттың жарқын болашаққа ұмтылысын айшықтай түседі. Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді. Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог…
Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ерекше көңіл бөлініп, білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар маңызды жобалар қолға алынды. Қаланың әр ауданында жаңадан мектептер, спорт кешендері, мәдениет үйлері, медициналық және әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Мұндай жұмыстар, әрине, қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына ықпал етеді. Бүгінде қалада 17 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның жетеуі жаңа құрылыс болып табылады. Айталық, № 19, 16, 50 мектептерге қосымша оқу ғимараттары салынып жатқан болса, Телман шағынауданында жаңа мектеп тұрғызылуда. Одан бөлек, Тұран шағынауданында 500 орынды 2 Оқушылар сарайы мен С. Рахимов атындағы мектеп салу жоспарланған…
Шымкент қаласында көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың абайсыз құлауын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бүгінгі күнге дейін осындай 3 оқиға тіркелген: 2 бала қаза тауып, 1 бала жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңінде 4 оқиға болған еді (3 жарақаттану, 1 өлім жағдайы). 2024 жылы жалпы 8 оқиға тіркелген, оның ішінде 1 бала қаза тауып, 7 бала жарақат алған. Мамандардың айтуынша, 7 жасқа дейінгі балалар терезенің ашық немесе москит торымен жабылған күйінің қауіптілігін толық бағалай алмайды. Жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – ересектердің, әсіресе баланы үлкен балаларға немесе қарт туыстарына сеніп тапсыру кезіндегі бақылаудың жеткіліксіздігі. Тұрғындардың хабардарлығын арттыру мақсатында…
Бүгін Түркістан қаласында инфрақұрылымдық және коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа арнайы техникаларды табыстау рәсімі өтті. Іс-шара барысында қалаға жеткізілген 21 жаңа техника коммуналдық мекемелерге тапсырылуға дайын. Бұл техникалар – 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде алынған 29 бірлік техниканың алғашқы бөлігі. Қалған 8 техника (оның ішінде газель, манипулятор, автовышка, КамАЗ, 3/1 трактор) жинақталып жатыр. Тапсыруға дайын техникалар тізімі: Қоқыс тазалайтын автокөлік – 7 дана Қар тазалайтын автокөлік – 5 дана Аяқ жол сыпыратын трактор – 4 дана Вакуумдық автокөлік – 2 дана Сарқынды су желісін тазалайтын көлік – 1 дана Погрузчик – 1 дана Грэйдер – 1…
Түркістан облысында халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында нақты жобалар іске асырылып жатыр. Жаңа тұрғын үй кешендері бой көтеріп, кезекте тұрған отбасылар баспаналармен қамтамасыз етілуде. Бүгін Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығы тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, 84 отбасына баспана кілттерін табыстады. – Сіздерді келе жатқан Ұлттық домбыра және Астана күні мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі – Түркістан қаласының облыс орталығы атануы. Облыс орталығы атанғанына 7 жыл енді толса да, Түркістан қаласы күллі түркі елдерінің рухани астанасына айналып, шаһарға арнайы заңмен ерекше мәртебе статусы берілді.…