Автор: ais_media

«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» демекші, Барша қазақстандықтарды жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қасиетті қара домбыра — халқымыздың рухани жаны, ұлттық болмысымыздың айнасы. Әсем әуенімен елді бірлікке, ынтымаққа шақырып, өткен мен бүгінді жалғап тұрған киелі аспап мәңгі жасай берсін! Ізгі тілекпен, Түркістан өнерпаздары

Read More

Шымкент қалалық Достық үйінің ғимаратында «Этномедиация: Этносаралық келісім мен татулықтың жолы» тақырыбында мастер класс өтті. Медиация апталығы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба. Аталған апталық қалалық ҚХА жанындағы этномедиация кеңесі мен қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бірлесіп, ұйытқы болуымен қолға алында. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі этномедиация саласының дамуына назар аударып, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетуді жүктеді. Аталған тапсырма негізінде 23-27 маусым аралығы медиация апталығы болып бекітілді. Қолға алынған медиация апталығында – қоғамда орын алған дау-дамайларды сотқа…

Read More

Шымкент қаласында мемлекеттік грант арқылы кәсіп бастап, өз-өзін жұмыспен қамтушылар қатары артып келеді. Қала тұрғыны, көпбалалы ана Гүлзада Авалбекова мемлекеттен 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде қайтарымсыз грант алып, кәсіби тігін шеберханасын ашты. Тігіншілікке бала кезінен қызыққан ол арнайы білім алып, тігінші-пішуші мамандығын меңгерген. 2024 жылдың алғашқы легінде ол “көпбалалы ана” санатымен бизнес-жоба ұсынып, Еңбек.кз порталы арқылы өтінім берген. Бұл – оның грантқа жасаған бесінші талпынысы еді. –Үйде тұрмыстық тігін машиналарымен жұмыс істеп жүрдім, бірақ олармен көп көлемде өнім шығару мүмкін болмады. Жобамды комиссияға таныстырып, тәжірибемді бөлістім. Кейіннен 400 АЕК көлеміндегі грант берілгені туралы хабарлама алдым. Бұл – бала күнгі…

Read More

Амантурдиева Күлжахан Қонысбекқызы 1965 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Киров елді мекенінде дүниеге келген. 1982 жылы Г.С. Титов атындағы орта мектепті аяқтап, сол жылы Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласындағы медициналық училищеге оқуға түсіп, 1984 жылы «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Екатеринбург қаласындағы №40 қалалық аурухананың хирургия бөлімінде бастап, 1990–1996 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Фосфор клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінде мейірбике болып қызмет атқарды. 1998 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан өңірлік орталығына қарасты ЦАХТиГ емханасында хирургия бөлімінің мейірбикесі ретінде жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасында мейірбике ретінде қызметін абыроймен атқарып келеді. Күлжахан Қонысбекқызы —…

Read More

Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриалды аймағында “Эко Шина” ЖШС пайдаланылған автокөлік шиналарын қайта өңдеу өндірісін дамытуда. Жобаның негізгі мақсаты — қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, ескі шиналардың рұқсатсыз төгілуі мәселесін шешу, зиянды шығарындылары жоқ, қалдықсыз технологияларды енгізу арқылы экологиялық қауіпсіздікті арттыру, шиналарды қайта өңдеу қуаттылығын жылына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін жеткізу. Қазіргі уақытта жеке инвесторлар өндіріс көлемін арттырып, жаңа бағыттарды іске қосып жатыр. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жөніндегі тапсырманы іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ тарапынан жаңа өндіріске қаржылай қолдау көрсетілді. Қаржыландыру қайтарымды негізде, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан аспайтын және 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Кәсіпорынның жаңа…

Read More

⚽️ Ордабасы – Қайрат 📅 Күні: 29 маусым 2025 жыл 🕒 Басталуы: 20-00 📍 Стадион: Қажымұқан атындағы «Орталық стадион» 🔥 Ел біріншілігінің қызған шағында — екі алпауыттың текетіресі! Жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі “Ордабасы” өз алаңында ел кубогының иегері “Қайратты” қабылдайды. Турнир кестесінде жоғары орындарға талас қыза түскен шақта бұл матч – алтын ұпайлар үшін нағыз шайқас болмақ! 📊 Ордабасы – соңғы турларда тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, чемпиондыққа талас жүргізіп келеді. ⚡️ Қайрат – жастар мен тәжірибелі ойыншыларды ұштастырып, қарсыластарын жиі тосыннан ұстауда.

Read More

Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнім көлемін арттыру мақсатында «Тұрбат» агроиндустриалды аймағын құру жоспарлануда. 60 гектар аумақта 3,8 млрд теңгеге жылыжайлар бой көтеріп, 416 адам жұмыспен қамтылмақ. Жоба арқасында аудан шаруаларына жылыжай бизнесін дамытуға үлкен серпін беріледі деп күтілуде. Бұл жайында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов брифингте мәлімдеді. «Жалпы ауданға тартылатын инвестиция көлемі жыл сайын артып келеді. 2025 жылы құны 21,5 млрд теңге болатын 24 жобаны іске асырып, 749 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда. Өңір экономикасына айтарлықтай әсер етуі тиіс жобалардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласына тиесілі. Мәселен, өңірде балық және құс шаруашылығымен айналысушылар саны артып келеді. Сонымен…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде халықпен кері байланыс орнату және олардың талап-тілегіне жедел әрекет ету бағытында тұрақты жұмыстар атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес, жеке қабылдаулар өткізіліп, тұрғындар көтерген мәселелер оңтайлы шешімін тауып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласы, Отырар, Бәйдібек, Шардара аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жұмыс және жер мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы әрбір өтінішті назарға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Айта кетейік, жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш…

Read More

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен 2025 жылдың қаңтар-мамыр айына макроэкономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуы және облыс бюджетінің атқарылуы бойынша жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды. — Облыс бюджетінің 2 тоқсан қорытындысымен сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан, қала әкімдері және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің заң талаптарына сәйкес бюджет кірістерінің әрбір көзінің сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларды мерзімінде және сапалы игеру керек. Субъективті себептермен бюджет қаражатының игерілмей қалуына жол бермеу бойынша шаралар заң аясында қабылдау қажет, — деді Талғат Қозбеков. Жиында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы…

Read More

Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылуда. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары ҚР Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» ережелері аясында іске асырылуда. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкерлерге қайтарымсыз негізде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік грант қарастырылған. Қолдау әсіресе, әлеуметтік салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болып отыр. Шымкенттік жеке кәсіпкер әрі көпбалалы ана Айжан Райымбекова мемлекеттен алған 5 миллион теңге көлеміндегі грант қаржысына шұбат өнімдерін өндіруге қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алған. Бұл мүмкіндік Айжанға кәсібін ұлғайтуға, жаңа өнім түрлерін нарыққа шығаруға жол ашты. Бүгінде дайын өнімдер тек Шымкентте ғана емес, өзге өңірлерде де сатылуда. Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік…

Read More