Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы кәсіпкерлерді қабылдады. Қоғамдық қабылдауға ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, кәсіпкерлер қатысты. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасы аясында жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде бақылау-құзырлы орган өкілдері ел азаматтарының, кәсіпкерлердің арыз-шағымдарына, ұсыныс-тілектеріне әрдайым ашық. Сондай іс-шараның бірі Кәсіпкерлер палатасында өтіп жатқан осы қоғамдық қабылдау деп айта аламыз. Жалпы бүгін ғана емес, кез келген уақытта кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтармен Кәсіпкерлер палатасына немесе тиісті органдарға жүгіне алады», – деді Сабира Адамбекова. Алмас Манатұлы елімізде 16-20 маусым аралығында «Заң…
Автор: ais_media
Түркістандағы «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында «Asyl MURA» волонтерлік әлеуметтік жобалар байқауы өтті. Бұл игі шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырып отыр. Байқаудың мақсаты – жастар арасында волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және өңірлік проблемаларды шешуге бағытталған тың жобаларды қолдау. Бірінші күні қатысушыларға арналған оқыту семинар-тренингтері өтті. Онда волонтерлік жобаларды басқару, мотивация, көшбасшылық және командамен жұмыс істеу бағыттарында практикалық кеңестер берілді. Екінші күні 18 команда өз жобаларын 7 минуттық презентация форматында қорғап, қазылар назарына ұсынды. Күн еріктілер еңбегін бейнелейтін бейнероликпен басталып, көркем би қойылымымен жалғасты. Екі күнге созылған бұл байқау – Түркістан жастарының азаматтық белсенділігі…
Әрбір адам өмірге келгеннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді көрсету — бұл мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр. Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады. Атап өту қажет, 2024…
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады. Шымкент қаласында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік гранттар берудің алғашқы кезеңі сәтті аяқталды. Қаржылай қолдау алуға ниет білдірген 934 адамның ішінен арнайы комиссияның шешімімен 134 үміткердің жобасы мақұлданып, әрқайсысына 400 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 1 572 800 теңгеге дейінгі мөлшерде қайтарымсыз грант тағайындалды. Қазіргі таңда жеңімпаздар Еңбек мобильділігі орталығымен екіжақты келісімге қол қойып, қаржы аудару рәсімдері жүргізілуде. Грант иегерлерінің басым бөлігін әлеуметтік осал топ өкілдері құрап отыр. Олардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алатындар, асыраушысынан…
Бүгінде Шымкент қаласында 81 шағын аудан, тұрғын алап пен елді мекен бар. Оның 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1-уі Құрсай елді мекені болып отыр. Яғни, қаладағы сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,5 пайыз. Құрсай елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылысы 2021 жылы басталған. Бірнеше кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазір су құбыры толық тартылған. Бүгінде құбырдың бойы абаттандырылып жатыр. Биыл жұмыс толығымен аяқталады. Өткен жылы 10 нысанның құрылысы жүргізілді (Сайрам 1,2 және 3 кезек, Бозарық 1,2,3-кезек, Қайтпас-1, Ақжайық және 242 жер учаскесі 20 үйі бар Тұран мен Қайтпас-1 шағын ауданының арасы). Оның 6-ының құрылысы өткен жылдың соңында аяқталды…
Құтыру – жануардан адамға жұғатын және орталық нерв жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Құтыруға шалдыққан жағдайда аурудың соңы өлімге әкеледі. Аурудың қоздырғышы ит, қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдар арқылы таралады. 2025 жылы Шымкентте жануарлардан жарақат алған 1294 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 жағдайға көп. Қалада иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары жалғасуда — биыл 20127 ит пен 64 мысық залалсыздандырылған. Құтырудан сақтанудың ең тиімді жолы — антирабикалық вакцина. Қала тұрғындарына құтыруға қарсы екпе тегін жүргізіледі. Әл-Фараби ауданына қарасты №2 қалалық аурухана (Жандосова көшесі №92 үй) жануар тістеген немесе жарақаттаған жағдайда алғашқы медициналық және вакцина көмегін көрсетеді. Мамандар…
27 маусымда Германияның Мюнхен қаласында Шымкенттің туристік әлеуетін таныстыруға арналған іс-шара өтті. Оған Қазақстан Республикасының Германиядағы Бас консулдығының өкілдері, неміс туроператорлары мен туристік сала мамандары қатысты. Іс-шара барысында Шымкент қаласының туристерге арналған қызметтері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға қала туралы бейнеролик көрсетіліп, туристерді қабылдауға арналған жағдайлар мен қызметтер жөніндегі материалдар ұсынылды. Бұл кездесу шетелдік туризм мамандарына Шымкентті жаңа бағыт ретінде таныстыруға мүмкіндік берді.
28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Фестиваль аясында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қала тарихы, мәдениеті және табиғи көрікті жерлері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлі мәдениеті дәріптелді. Аталған шара Шымкент қаласы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Айта кетейік, 2025 жылғы 27 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Будапешт қалалары арасында тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Бұл бағыт екі қала арасындағы туристік және іскерлік байланыстардың…
Нарманов Мейірбек Арынұлы – темір-бетон цехының басшысы, өндіріс саласында 47 жылдық еңбек өтілі бар, өз ісінің шебері. Жоғары кәсіби біліктілігі мен мамандығына деген адалдығының нәтижесінде әріптестері арасында зор құрмет пен беделге ие. Еңбек жолын 1979 жылы «Чимкент резина-асбест комбинатында» (қазіргі «Чимкентшина») каландр цехының мастері қызметінен бастаған. Өзінің табандылығы мен жоғары іскерлік қабілетінің арқасында өндірістің түрлі сатыларында қызмет атқарып, 6-разрядты слесарь, газ жабдықтарының слесары, аға мастер, цех бастығының орынбасары, учаске бастығы секілді жауапты лауазымдарды абыроймен атқарды. 1997–2006 жылдар аралығында «Қайнар» акционерлік қоғамында ауысым бастығы, ал 2006–2013 жылдары «Төлебай май» ЖШС-де цех бастығы қызметін атқарды. Әр салада кәсіби қолтаңбасын қалдырған Нарманов Мейрбек…
Шымкент қаласында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер қарқынды түрде жүзеге асып келеді. 2025 жылдың 4 айында қала бойынша 3 451 тұрғын қамтылған. Қазіргі таңда психоневрологиялық ауруы бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге, сондай-ақ өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І және ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар мен қарттарға арнаулы көмек көрсетілуде. Қызметтер стационарлық, жартылай стационарлық, уақытша болу жағдайында және үй жағдайында ұсынылады. Нақты айтқанда, стационар жағдайда – 917 азамат, жартылай стационар жағдайда – 503 азамат, уақытша болу жағдайында – 742 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 1 289 азамат әлеуметтік қолдауға ие болған. Бұл бағытта Шымкент қаласы…