Автор: ais_media

Шымкент қаласының әкімі бірқатар аудан аумақтарын аралап, қалада жүргізіліп жатқан әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысымен танысты. Аралау барысында қала басшысы ең алдымен Қаратау ауданында өткен жылы құрылысы басталған жаңа әкімдік ғимаратын қарап шықты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 98 пайызы аяқталған. Нысанды алдағы уақытта пайдалануға беру жоспарлануда. Жаңа ғимарат аудандық басқару органдарының тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етпек. Мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылды. Сапар одан әрі Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс алаңында жалғасты. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімі құрылыс компания өкілдерімен бірлесіп талқыланып, нысанның мүмкіндігі…

Read More

Цифрлық технологиялар өнімділікті, өнім сапасын және өндірістік жүйелердің икемділігін арттырудың негізгі драйверіне айналуда. Өнеркәсіп және құрылыс саласында цифрлық шешімдер, ең алдымен, жер қойнауын пайдалану, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағыттарында енгізіледі. ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова негізгі жобалар туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Жер қойнауын пайдалану саласына тоқталған өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы базасында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылғанын атап өтті. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика министрліктері үшін бірыңғай интерактивті картаның жұмысы қамтамасыз етілді, сондай-ақ лицензиялар беру, келісімшарттар жасасу процестері және лицензиялық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде республикалық маңыздағы автожолдарды орташа жөндеуден өткізуге бағытталған кең көлемді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бүгінде еліміз бойынша жалпы ұзындығы шамамен 4 мың шақырымды құрайтын 177 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның 160-ы — 2024 жылдан өтпелі жоба болса, 17 жоба биыл жаңадан бастау алған. Жөндеу жұмыстары жолдың негізгі қабатын қайта өңдеуден бастап, үстіңгі жабынды төсеуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Қазіргі таңда жол негізін ресайклирлеу жұмыстары 857 шақырым аумақта орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр — 193 шақырым. Одан кейін Қарағанды облысы – 131 шақырым, ал үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы…

Read More

Мемлекет басшысы Минск қаласында өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Дәстүрлі жиынның биылғы тақырыбы – «Еуразиялық экономикалық интеграция стратегиясы: қорытынды мен перспектива». Президент форум интеграциялық бірлестік қызметінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды диалог өрбітетін маңызды алаңға айналғанына назар аударды. – Дамудың жаңа кезеңіне қадам басар алдында аталған одақ Еуразиядағы ең ірі бірлестіктердің бірі ретінде өзінің лайықты орнын иеленіп отыр. Ұйымға мүше елдердің жалпы экономикалық әлеуеті – 2,6 триллион доллар. Өткен жылы өзара сауда айналымы 98 миллиард долларға жетті. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары. Ал елдеріміздің жиынтық ІЖӨ-нің өсімі екінші жыл қатарынан әлемдегі орташа көрсеткіштен асып…

Read More

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өмір – сенің таңдауың» атты мерекелік кеш өтті. Аталған іс-шара барысында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткізілген нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы шығарылды. Айлық аясында жастар арасында есірткі, лудомания, буллинг секілді зиянды әдеттердің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында: танымдық кездесулер, тақырыптық тренингтер, көрмелер, флешмобтар мен акциялар бар. Қорытынды кеште Шымкент қаласының Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қолдауымен ақпараттық көрмелер көпшілік…

Read More

Журналист – қоғам айнасы, халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ақпаратты дәл, шынайы жеткізу – әр журналистің басты мұраты. Олар күн демей, түн демей, ел үшін еңбек етеді. Сол еңбектің еленуі – үлкен мәртебе. Бүгін Шымкент қаласында БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Журналистер одағының құрмет грамоталары табысталды. Жемісті еңбек етіп жүрген журналистердің маңдай тері мен шығармашылық ізденісі ескерусіз қалған жоқ. «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы белгілі қаламгер Балтабек Түйетаевқа берілді. Бұл — ұзақ жылдар бойғы табанды еңбектің лайықты бағалануы! Сонымен қатар, азаматтық қоғаммен тығыз байланыста еңбек етіп, ел мен елді, халық пен билікті байланыстыруға үлес қосқан Шымкент қаласындағы №9 мамандандырылған өрт…

Read More

Шымкент қаласындағы Наурыз алаңында ерекше қажеттілігі бар балалар арасында ARM BACK жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, өз күшіне деген сенімділігін нығайту және олардың қоғамдағы белсенділігін қолдау болды. ARM BACK — бейімделген армрестлинг түріндегі жарыс, мұнда қатысушылар арнайы жағдайларда өзара күш сынасты. 2022 жылы Қазақстан Халық қорының қолдауымен еліміздің 11 қаласында “Жас жауынгер” бейімдеу спорт орталықтары ашылды. Бүгінде еліміздің әр түкпіріндегі ерекше балалар спортқа белсене араласып, үлкен жетістіктерге жетуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында бұл бағыттағы жұмыстар кең көлемде атқарылуда. Балалар тек спортта ғана емес, түрлі өнер сайыстарында да өз мүмкіндіктерін көрсетіп, дені сау…

Read More

Жамалова Айгүл Сейділәқызы – Шымкент қаласы №7 қалалық емханасында кардиолог, эксперт-дәрігер қызметін атқарып келеді. Медицина саласындағы жалпы еңбек өтілі – 26 жыл. Кәсіби қызмет жолында жоғары жауапкершілік пен адалдықты серік еткен Айгүл Сейділәқызы өзінің біліктілігімен, жан-жақтылығымен, пациенттерге деген ілтипаты және емдеу ісіне берілгендігімен ұжым арасында зор құрметке ие. Дәрігерлік міндетін атқаруда әрбір пациентке жеке көзқараспен қарап, медициналық көмек көрсетумен қатар, адамгершілік тұрғыда қолдау көрсетуді басты мақсат етіп келеді. Науқастармен жұмыс барысында сабырлылық, кәсібилік және жылы қарым-қатынас ұстанымдарын берік сақтайды. Дәрігер Жамалова өзінің кәсіби ұстанымында: «Медицина — үлкен жауапкершілік пен үздіксіз білімді қажет ететін сала. Пациенттің денсаулығы – біздің басты құндылығымыз»…

Read More

Түркістан өңірлік нышанына арналған ашық байқау ұзартылды! 🔸 Бұл – Түркістанның тарихы мен болашағын біріктіретін ерекше мүмкіндік. 🔸 Жоба ұлттық болмыс пен креативті идеяны көрсетуі тиіс! 📌 Міндетті шарттар: – Ұлттық элементтер мен ою-өрнектер қолдануға болады. – Мемлекеттік рәміздер мен діни, рулық белгілерге тыйым салынған. 📅 Өтінім қабылдау: 2025 ж. 27 маусым – 27 тамыз аралығы 🏆 Жүлде қоры: 🥇 1-орын – 5 000 000 ₸ 🥈 2-орын – 3 000 000 ₸ 🥉 3-орын – 2 000 000 ₸ 📨 Жобаны қағаз немесе электронды түрде жіберуге болады. 🔔 Түркістанның символын бірге жасайық! 💡 Идея ұсын, қаланың келбетіне үлес қос!

Read More

Қазақстан әділеттілікке, заң үстемдігіне және тәртіпке негізделген даму жолымен сенімді ілгерілеп келеді. Конституциялық өзгерістер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтті. Құқық қорғау органдары жазалаушы тәсілден профилактика қағидатына көшті. Халық саны өсіп жатқанымен, елдегі қылмыс деңгейі төмендеуде. Бұл — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жүйелі әрі нәтижелі жұмысының нақты көрсеткіші. Соңғы жылдары қылмыс деңгейі 2 есеге төмендеді, адам өлтіру мен зорлау – 50%, бұзақылық – 70%, қарақшылық пен тонау – 80% азайды. Қылмыстық индекс бойынша Қазақстан бірнеше жылда әлемдік рейтингте 60 сатыға көтерілді. Бұл – тұрақтылықтың, реформалардың және мемлекетке деген сенімнің объективті көрінісі. Елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы бекітілді. Ол тек…

Read More